gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Сарыағашта коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қолдау көрсетілді

20 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Таза Қазақстан»: Сарыағашта коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қолдау көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар Түркістан облысының Сарыағаш ауданында кең көлемде ұйымдастырылуда. Бағдарлама – қоршаған ортаны қорғауға, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтардың патриоттық сезімін оятуға бағытталған маңызды бастама.

Сарыағаш ауданында өткен сенбілікке аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсене қатысып, күл-қоқыстан тазарту, шөп ору және көшелерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Таңғы сағат 8:00-де басталған сенбілік барысында республикалық, облыстық және ішкі көшелер бойындағы тазалық жұмыстары қарқынды түрде атқарылды.

Ауқымды шара аясында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Ауыл» партиясының облыстық филиалының төрағасы Қайрат Салыбек аудан тазалығына өз үлесін қосып жүрген «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қаржылай сыйақы табыстап, сенбілікке қатысушыларды бір миллион теңгеге қажетті құрал-саймандар және сусындармен қамтамасыз етті. Бұл – еңбек адамына деген құрмет пен қоғамдық жауапкершіліктің жарқын үлгісі ретінде бағаланды.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев халық қалаулысының қолдауын жоғары бағалап, алғысын білдірді. Сонымен қатар, аудан басшысы сенбілік жүргізіліп жатқан аумақтарды аралап көріп, тазалық пен абаттандыру жұмыстарының жүйелі орындалуын сала басшыларына тапсырды.

Бұл игілікті шара – қоғамдағы экологиялық сана мен мәдениетті нығайтып, ортақ іске жұртшылықты жұмылдырудағы сәтті қадамдардың бірі.

Previous Post

Жетісайда «Таза Қазақстан» аясында жалпыаудандық сенбілік өтті

Next Post

Түркістанда «қоқыссыз өзен: экология, спорт және қауіпсіздік» атты шара өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz