gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұртта «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті

20 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазығұртта «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы Түркістан облысында кеңінен қолдау табуда. Аталған бағдарлама аясындағы жүйелі жұмыстардың бірі – Қазығұрт ауданында ұйымдастырылған жалпыхалықтық сенбілік.

Бүгін ауданның барлық ауылдық округтерінде өткен сенбілікке аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары белсене қатысты. Олар ауыл көшелерін, мекеме маңайын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, жас көшеттерді суарып, түптерін қопсытты. Қураған бұталар кесіліп, күл-қоқыс алаңдары ретке келтірілді. Барлық жиналған қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды.

Сенбілікке арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев Мемлекет басшысының экологиялық бастамаларына қолдау білдіріп, тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырды. Ол өз сөзінде:
«Экологиялық мәдениетті арттыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Бүгінгі сенбілік соның нақты көрінісі. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табады», – деп атап өтті.

Сенбілік барысында ауыл әкімдері, имамдар мен учаскелік полиция инспекторлары да тұрғындармен кездесіп, қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге төгуге жол бермеу, санитарлық талаптарды сақтау, табиғатты аялау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған шара – өңірдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және елді мекендерді абаттандыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Previous Post

Ордабасыда сенбілік: жаңа спорттық нысан маңын абаттандыруға 200-ге жуық адам атсалысты

Next Post

Жетісайда «Таза Қазақстан» аясында жалпыаудандық сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz