gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда діни экстремизмнің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

18 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда діни экстремизмнің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Жуырда №1 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен осы бағытта арнайы кездесу өтті.

Шара барысында «Кентау қалалық Руханият орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы Ұлан Құлтай деструктивті діни ағымдардың идеологиялық ерекшеліктері туралы кеңінен түсіндіріп, жастарды жат пиғылды ұйымдардан сақ болуға шақырды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралып жатқан діни мазмұндағы ақпараттардың шынайылығын тексерудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында қатысушыларға арнайы әзірленген ақпараттық парақшалар таратылып, теолог маман тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Previous Post

Келестегі тазалық – «Таза Қазақстан» акциясының нақты нәтижесі

Next Post

Шардара ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz