gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Рухани тұрақтылық – басты құндылық

11 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Рухани тұрақтылық – басты құндылық
Share on FacebookShare on Twitter

Хантағы ауылдық округіне қарасты Біресек елді мекенінде діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шара – тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру бағытындағы кешенді жұмыстардың бір бөлігі.

Кездесуді «Кентау қалалық Руханият орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырып, оған орталықтың теолог маманы Ұлан Құлтай және жергілікті тұрғындар қатысты.

Жиын барысында теолог маман қоғамда жиі кездесіп отырған деструктивті діни ағымдардың идеологиялық белгілері, олардың адамдардың санасын улаудағы тәсілдері, сонымен қатар жастарды арбау жолдары жайында кеңінен сөз қозғады. Ұ.Құлтай дін атын жамылған теріс идеологиялардан сақ болуға, ресми діни көзқарасты ұстануға және діни ақпарат көздерін таңдау барысында сақтық танытуға шақырды.

– Қазіргі уақытта интернет пен әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан діни мазмұндағы ақпараттардың барлығы бірдей дұрыс бола бермейді. Сондықтан әрбір адам діни мәселеде сауатты болуы тиіс. Қандай да бір сұрақ туындаса, ресми органдар мен мамандардан кеңес алғаны жөн, – деді теолог маман.

Кездесу соңында қатысушыларға арнайы дайындалған ақпараттық үнпарақшалар таратылып, теолог тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді. Ауыл тұрғындары мұндай шаралардың маңызын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай кездесулер жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын жеткізді.

Айта кетейік, Кентау қалалық «Руханият» орталығы тарапынан осындай ақпараттық іс-шаралар қала мен ауылдық округтерде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мақсат – халықтың діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайту.

Previous Post

Сауран ауданында қосымша су қоймалары салынатын болды

Next Post

Түлкібаста сенбілікке 250-ге жуық адам қатысып, туристік аумақтар тазартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz