gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді

27 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында діни экстремизм мен теріс идеологияның алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда қалалық ішкі саясат бөлімінің «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ мамандары мемлекеттік қызмет алуға келген тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдарын түсіндіру, қоғамда рухани тұрақтылықты сақтау. Орталық мамандары тұрғындарға дін атын жамылған жалған ағымдардың қоғамға тигізер зардабы жөнінде кеңінен ақпарат беріп, жастар арасында радикалды идеологияға бой алдырудың қауіптері туралы да тоқталды.

Сонымен қатар, қызмет алушыларға арнайы дайындалған «Жат ағымдардың жастарға әсері» және «Деструктивті діни ағымдардың портреттері» атты ақпараттық үнпарақшалар таратылып, олардың мазмұны бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мұндай іс-шаралар тұрғындар көп шоғырланатын мемлекеттік мекемелерде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл – діни тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Орталық мамандарының айтуынша, алдағы уақытта да профилактикалық жұмыстардың ауқымы кеңейіп, түрлі әлеуметтік топтармен тікелей байланыс жалғаса бермек.

Previous Post

Табиғат қорғау: Арыста көгалдандыру және зиянкестермен күрес талқыланды

Next Post

Арыста табиғат қорғаушы мекемелерге жаңа ғимараттар берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz