gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданында тазалық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

26 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданында тазалық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Тазалық – біздің қолымызда» атты экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына аудан әкімінің орынбасары бастап, мемлекеттік қызметшілер, түрлі мекеме қызметкерлері мен ерікті азаматтар белсене қатысты. Акция аясында ауданның көрікті әрі халық жиі демалатын аймақтарында — Қасқасу мен Сайрамсу өзендерінің бойы, Біркөлік, Ақмешіт және Тұрбаза демалыс орындарында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аталған аумақтарда жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстар арнайы техника көмегімен сыртқа шығарылып, табиғи ландшафтар абаттандырылды. Сенбілікке қатысушылар демалушыларға табиғатты ластамау, қоқысты өзімен бірге алып кету қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны бүлдіру — заңмен жазаланатынын ескертті.

Жалпы сенбілікке 1700-ге жуық адам тартылып, 15 арнайы техника арқылы 52 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Бұл – биылғы жылдың алғашқы жартысында ауданда өткізілген жүйелі экологиялық шаралардың жалғасы. Жыл басынан бері аудан аумағында 498 мекеменің қызметкерлері мен 59 867 тұрғын сенбілікке қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Экологиялық іс-шаралар аясында 501 шақырым облыстық және 757 шақырым аудандық жол бойы тазартылды. Сонымен қатар, 152 шақырым ирригациялық арықтар мен 98 шақырым өзен-каналдар қоқыстан арылтылып, 1029 қураған ағаш бұтасы жиналды. 17 саябақ, 15 аллея және 19 спорт алаңы абаттандырылып, барлығы 995 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Аталған жұмыстар Төлеби ауданы халқының табиғатқа жанашырлықпен қарауының айғағы. Табиғатты аялау – әрбір азаматтың борышы. Осы орайда аудан әкімдігі барша тұрғындарды экологиялық мәдениетті ұстануға, туған өлкені таза ұстауға шақырады.

Previous Post

Кентау әкімі «Таза Қазақстан» плоггинг шарасына қатысты

Next Post

Сауран ауданында бірнеше елдімекенде қосымша су ұңғымаларын қазу қажеттілігі туындап отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz