gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 17 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды

25 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 17 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Осы орайда Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында құқық қорғау органдары тарапынан да жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Аталған акция мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағында санитарлық тазалық пен абаттандыру ережелерінің сақталуына бағытталған кең көлемді профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырды.

Полицейлер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен демалыс аймақтарында рейдтік бақылау ұйымдастырып, тұрғындарға экологиялық нормаларды сақтау, қоқысты арнайы орындарда ғана тастау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, акция аясында өңірде 17 мыңнан астам құқықбұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде 13 мыңнан астамы – жалпы пайдалануға арналған орындарды ластау болса, 4,3 мыңнан астамы – абаттандыру қағидаларын бұзу деректері.

Полиция қызметкерлері экологиялық тәртіпті сақтау — тек қоршаған ортаны қорғауға емес, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық сананы арттыруға бағытталған маңызды міндет екенін атап өтуде. Бұл ретте «нөлдік төзімділік» қағидаты кез келген құқықбұзушылыққа бейжай қарамау қажеттігін көрсетеді.

Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын заң талаптарын қатаң сақтап, табиғатты аялауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады. Қоғамдық тәртіп – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз екенін естен шығармаған жөн.

Previous Post

Кентаудағы еңбек ұжымында теріс ағымдардың алдын алу шарасы өтті

Next Post

Кентау әкімі «Таза Қазақстан» плоггинг шарасына қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz