gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза қала өз қолымызда!

4 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза қала өз қолымызда!
Share on FacebookShare on Twitter

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында бүгін Кентау қаласында «AMANAT» партиясының бастамасымен және Кентау қалалық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Таза бейсенбі» атты игі шара ұйымдастырылды.

Акция барысында қатысушылар қаланың басты көшелерінің бірі – Абылайхан даңғылы бойын күл-қоқыстан тазалап, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Жастар мен партия мүшелері қоршаған ортаны қорғауға, туған жерді таза ұстауға үлес қосып, көпшілікке үлгі көрсетті.

Шараға «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Арман Басаров, «Жастар рухы» жастар қанатының қалалық төрағасы Диас Дәуренұлы, Кентау қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Сұлтан Бақытұлы және белсенді жастар қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір сөзінде: «Таза табиғат – елдің байлығы. Экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға жанашырлық – әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс», – деп атап өткен болатын. Осы бағытта «AMANAT» партиясы да халықты табиғатқа жанашырлықпен қарауға, туған жердің тазалығына бей-жай қарамауға үндеп келеді.

«Қоршаған ортаны таза ұстау баршамыздың ортақ міндетіміз. Қала тазалығы тек коммуналдық қызметтің жұмысы емес, әрбір тұрғынның азаматтық жауапкершілігі. Бүгінгі іс-шара арқылы жастарымызға, қала тұрғындарына үлгі көрсетуді мақсат еттік. Кентауды көркейту әрқайсымыздың қолымызда», – деді Арман Басаров акцияға қатысушыларға үндеу жасап.

Бұл бастаманың негізгі мақсаты тек тазалық жұмыстарын жүргізу емес, сонымен қатар қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Қураған ағаштарды уақытында қырқу жасыл желектердің сау дамуына жол ашады әрі тұрғындардың қауіпсіздігіне сеп болады.

Аманаттықтар кентаулықтарды туған қаласының тазалығына бейжай қарамай, көшелерді, аулаларды ретке келтіруге, табиғатты аялай білуге шақырды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

Сауран ауданында жаңа өндіріс орындары ашылады

Next Post

Түркістанда жаңа әлеуметтік нысандар бой көтереді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz