gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран ауданында жаңа өндіріс орындары ашылады

4 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауран ауданында жаңа өндіріс орындары ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірдің әрбір ауданында өндіріс пен кәсіпкерлікті дамытуға басымдық берілуде. Осы орайда Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен өткен жиында инвесторлар мен кәсіпкерлер арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім аясында жалпы құны 3,1 млрд теңгені құрайтын екі ірі жоба жүзеге асырылмақ. Оның бірі – Шаға ауылдық округінде салынатын сэндвич-панельдер өндіретін «Euro Sandwich Panel» ЖШС зауыты. Құны 2,1 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын жылына 900 мың шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы болады. 2,5 гектар аумақта бой көтеретін нысан 2025-2026 жылдары іске қосылып, 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ.

Ал екінші жоба – Жүйнек ауылдық округінде салынатын «JADO GROUP» ЖШС жиһаз фабрикасы. Құны 1 млрд теңгені құрайтын бұл өндіріс орны айына 1000 дана өнім шығаруды жоспарлап отыр. 1,4 гектар аумақта орналасатын кәсіпорын да 2025-2026 жылдары пайдалануға беріліп, 30 адамға тұрақты жұмыс орнын ұсынбақ.

Жиында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында іске қосылған Шаға өндірістік алаңының жұмысы таныстырылды. Бүгінгі күнге дейін мұнда 10 ғимарат пайдалануға беріліп, 500 жаңа жұмыс орны ашылған. Жыл соңына дейін тағы 30 өндірістік нысан іске қосылып, қосымша 70 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.

Сонымен қатар Қарашық, Иассы, Үшқайық, Шорнақ және Жүйнек ауылдық округтерінде құрылып жатқан шағын өндірістік алаңдардың жұмысы сөз болды. Бұл бағытта жер телімдері бөлініп, кәсіпкерлерге рәсімдеу бойынша ұсыныстар берілуде. Мұндай қадамдар кәсіпкерлерді бір орталыққа шоғырландырып, өндіріс орындарының жұмысын жүйелеуге, өнімдерді нарыққа бірлесе шығару мүмкіндігін арттыруға жол ашады.

Алдағы уақытта Бабайқорған, Ескі Иқан, Жаңа Иқан және Майдантал ауылдық округтерінде де өндірістік алаңдар салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда аталған бағытта жер рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Previous Post

Түркістан облысында ірі агроөндірістік жоба қолға алынбақ

Next Post

Таза қала өз қолымызда!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz