gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында ірі агроөндірістік жоба қолға алынбақ

4 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында ірі агроөндірістік жоба қолға алынбақ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына ауқымды инвестициялық жоба тартылуы мүмкін. Қытайдың ауыл шаруашылығы және тыңайтқыш өндірісі бойынша жетекші компанияларының бірі өңірде құны 800 миллион АҚШ долларынан асатын тыңайтқыш зауытын салуға қызығушылық білдіріп отыр. Осыған орай облыс әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен кездесу өткізіп, жобаның негізгі тетіктерін талқылады.

Кездесуде логистика, инженерлік инфрақұрылым және өндірістің экологиялық қауіпсіздігі мәселелері сөз болды. Жоба жүзеге асқан жағдайда Түркістан облысында жылына 2 миллион тоннаға дейін тыңайтқыш өндіретін зауыт салынбақ. Бұл кәсіпорын Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы ең ірі агроөндірістік нысандардың біріне айналуы ықтимал.

Аймақ басшысы шетелдік әріптестерге өңірдің аграрлық әлеуетін жан-жақты таныстырды.
– Түркістан облысы – ауыл шаруашылығы үшін табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық тұрғыдан ең қолайлы өңір. Біздің облыс – елдегі жалғыз мақта егетін аймақ қана емес, сонымен бірге жеміс-жидек, бақша дақылдары, мал шаруашылығы және суармалы егіншілік бағытында да айрықша әлеуетке ие. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз шетелдік инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізіп келеміз. Су үнемдеу технологияларын енгізу, тыңайтқыш өндірісін дамыту – біздің аграрлық саясатымыздың басты басымдықтарының бірі. Жаңа жобаның жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсетіледі, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыруда тыңайтқыштың рөлі ерекше екені белгілі. Жоба іске асқан жағдайда шаруалар қолжетімді әрі сапалы тыңайтқышпен қамтылып, ішкі нарықтың қажеттілігі толық өтеледі. Сонымен қатар өнімнің экспорттық әлеуеті қалыптасып, 2000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Қосымша өндірістер, логистика, қойма шаруашылығы және қызмет көрсету салалары да дамудың жаңа серпінін алады.

Бұл бастама Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып, өңірдің аграрлық саласын жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.

Previous Post

Отбасы татулығы – ұлттық бірлік пен рухани құндылықтың кепілі

Next Post

Сауран ауданында жаңа өндіріс орындары ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz