gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда жастардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу өтті

10 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда жастардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

№3 Ө.Жәнібеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде маңызды әрі тағылымды ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, жастар арасында теріс діни ағымдардың алдын алу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болып табылады.

Кездесуге “Кентау қалалық Руханият орталығы” КММ-нің теолог маманы Ұ.Құлтай мен инспекторы Б.Самбетов, сондай-ақ “Кентау қалалық Қоғамдық келісім” КММ-нің ақсақалдар алқасының мүшесі Ә.Нұрымбетов қатысты. Қонақтар жастарға дін мен дәстүрдің өзара байланысы туралы кеңінен әңгімелеп, олардың бойында отансүйгіштік, адамгершілік және діни сауаттылық қасиеттерін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында теолог мамандар қоғамда діни сауаттың жоғары болуы – тұрақтылық пен бірліктің кепілі екенін атап өтті. Олар теріс діни ағымдардың қалай пайда болатынын, олардың қоғам мен отбасы өміріне тигізетін кері әсерін нақты мысалдармен түсіндіріп берді. Сонымен қатар, интернет пен әлеуметтік желілерде таралатын жалған діни ақпараттарға сын көзбен қарау қажеттігі айтылды.

Ақсақалдар алқасының мүшесі Ә.Нұрымбетов жастарға ұлттық құндылықтардың мән-маңызын түсіндіріп, ата-баба салт-дәстүрін сақтаудың ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті. Ол жастарды үлкенді сыйлап, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге, бейбітшілік пен татулықты қадірлеуге шақырды.

Мектеп ұжымы мен оқушылар бұл кездесудің маңыздылығын жоғары бағалады. Мұндай шаралар жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларды жат ағымдардан қорғауға, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды терең түсінуге жол ашады.

Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан мазмұнды жауаптар алды. Бұл – қоғам мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысының жарқын көрінісі болып табылады.

Previous Post

Кентауда отбасылық құндылықтар мен салауатты сана насихатталды

Next Post

Кентауда балабақша қызметкерлерімен діни тұрақтылық пен ұлттық құндылықтар туралы тағылымды кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz