Ішкі конкурстың қорытындысы негізінде, қала әкімі Жандос Тасовтың өкімімен Бауыржан Шүкірбайұлы Жорабеков Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Бауыржан Жорабеков 1984 жылы Түркістан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаса, 2018 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде жергілікті мемлекеттік басқару саласы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Телескоп» ЖШС-де журналист болып бастаған Бауыржан Шүкірбайұлы, 2007 жылы қалалық ішкі саясат бөлімінде және қала әкімі аппаратының ұйымдастыру және мамандар бөлімінде бас маман қызметтерін атқарды.
2008-2013 жылдары қала әкімі аппаратының ұйымдастыру және мамандар бөлімінде бас инспектор ретінде жұмыс істеді, ал 2014-2016 жылдары ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы болды.
2016-2017 жылдары қала әкімі аппаратының кеңесшісі, 2017-2018 жылдары қалалық ішкі саясат бөлімінің бөлім басшысы лауазымдарын атқарды. 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін Хантағы ауылы әкімі қызметін абыроймен атқарды. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалып, 2023 жылдың 2 ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін бөлім басшысы ретінде еңбек етті.



