gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жас сайлаушылар клубы мүшелерімен кездесу өтті

3 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жас сайлаушылар клубы мүшелерімен кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының «Дүниежүзілік сайлау күніне» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Кентау қалалық Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Садуов,төраға орынбасары Б.Ибадуллаев және «Кентау жастары» жас сайлаушылар клубы мүшелері «Әр дауыс -маңызды» атты дөңгелек үстел басында кездесті. Кентау қалалық Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің басшысы, «Кентау жастары» жас сайлаушылар клубының жетекшісі Закирбаева Құрбанай Сайдуллақызы кездесуді жүргізді.Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Садуов бүгінгі жүздесудің мақсаты: Кентау қаласындағы жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін,сайлау процесіне қызығушылығын арттыру — деп атап көрсетті.

Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Садуов: Қазақстан -сайлау жүйесінің өзіндік саяси-құқықтық тарихы бар мемлекет.Соның ішінде тәуелсіздік алған соңғы 35 жылда еліміздің саяси өмірі тартысты додаларға толы болды.Бүгінде елімізде 20 астам мемлекеттік маңызды сайлау науқаны өткен.Бұл еліміздегі саяси коньюктураны халықаралық озық стандарттарға тән сипатпен дамытуға ұмтылыстардың пәрменді екенін көрсетеді.Тәуелсіздік алған соң жас Қазақстан мемлекетінің алдында халықаралық стандартқа сай сайлау өткізу талабы тұрды.Демократиялық құндылықтарды басшылыққа алатын бұл институт үш негізгі құқықты басшылыққа алатын.Олар:елді басқаруға қатысу құқы,сайлау (дауыс беру) және сайлану (кандидат болу) құқы,мемлекеттік қызметке тең қолжетімділік құқы.Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясында халықтың ерік-жігері үкіметтік биліктің негізі болуы тиіс екені айтылған.Қазақстан үшін де халықаралық қауымдастыққа кірігуі үшін осы жаңашылдықтарды қабылдауы қажет болды.Бұл талаптар бірден Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясында айқындалды.Яғни, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты ретінде -ерікті сайлау жолы таңдалып алынса,мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі халық дей келе азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне кеңінен тоқталып өтті.Сайлау -адам құқығының апогейі десек,Қазақстан ол биікке уақыттың сын қатеріне сай жауап бере отырып,адамзат дамуының классикалық үлгісін сақтай отыра көтеріліп келеді.Ендеше құқықтық мемлекеттік даму жолында сайлау институты қоғам мүддесінің катализаторы болып қала бермек деді.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіндегі сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңінен баяндады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі,сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері,сайлаушыларды тіркеу,азаматтардың жауапкершілігі,сайлаушылардың тізімдері,сайлау туралы ақпаратты алу үшін кімге жүгінуге болады т.б. мәселелерге қатысты сұрақтарды қамтып,қызу пікірталасқа ұласты.Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Ибадуллаев :Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы(ҚР Конституциясы 33-бап) Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады.Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы.Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады.Сайлауға қатысу -азаматтардың бақылаушы емес,өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші.Қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады.Сайлаушылардың сайлауға келмеуі абсеинтезм деп аталады деді. «Кентау жастары» жас сайлаушылар клубының мүшелері,өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптар алды. Кентау қалалық Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің басшысы, «Кентау жастары» жас сайлаушылар клубының жетекшісі Закирбаева Құрбанай Сайдуллақызы Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелеріне алғыс айтып,бүгінгі кездесу жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарға бейілділігін қалыптастыруға,құқықтық мәдениеті мен белсенділіктерін арттыруға өз көмегін тигізетініне сенім артты. Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Садуов Дүниежізілік сайлау күнімен құттықтап,Кентау қалалық Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ әкімшілігі мен ұжымына Дүниежізілік сайлау күніне арналған апталықтағы белсенділіктері мен «Кентау жастары» жас сайлаушылар клубының жұмысына алғысын білдірді.

Previous Post

Кентаудағы Байылдыр ауылында жаңа заманауи спорт-сауықтыру кешені құрылады

Next Post

Сарыағашта шалғайда орналасқан елді мекендер «көгілдір отынға» қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz