gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарығаш ауданында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қарқынды дамып жатыр

4 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сарығаш ауданында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қарқынды дамып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында өңірлік экономика мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше басымдық берілген. Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында Сарығаш ауданында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың мәліметінше, 2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 385,8 млрд теңгені құрап, ауыл шаруашылығы саласының үлесі 137,2 млрд теңге болса, өнеркәсіп өнімінің көлемі 30,5 млрд теңгені құраған. Негізгі капиталға 82,1 млрд теңге инвестиция тартылған.

– Былтыр ауданда 78 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. 5 219 гектар аумаққа тамшылатып суғару жүйесі енгізіліп, 1 324 гектар жерге қарқынды бау егілді. Жылыжай көлемі 807,2 гектарға жетіп, еліміздегі жылыжайлардың 70 пайызы Сарығаш ауданында шоғырланған. Бұдан бөлек, құс фабрикасын кеңейту, лимон өсіруге арналған жылыжай кешені мен жеміс қоймасы, мал сою және экспортқа ет дайындау орны, 1000 басқа арналған мал бордақылау кешені іске асырылды. Ал 2026 жылы 5 000 бастық мал бордақылау алаңы мен 1 000 бастық ірі қара мал бордақылау алаңы, өсімдік майын өндіретін және құрама жем дайындайтын цех ашылады, – деді аудан әкімі.

Өнеркәсіп саласында 2025 жылы бір реттік ыдыстар мен пластмасса жәшіктер өндіретін цех, күнбағыс майын өңдеу және темірбетон цехы іске қосылған. 2026 жылы 7,5 млрд теңгеге минералды су құю зауыты, қыш шығару және күнбағыс майын өңдеу цехы, шағын су электр станциясы құрылмақ.

Тұрғын үй саласында 62 201 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, білім саласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 3 мектеп, күрделі жөндеуден өткен 2 мектеп, ағымдағы жөндеуден өткен 2 мектеп пайдалануға берілді. Инфрақұрылым саласында Дербісек және Дарбаза ауылдық округтеріндегі 32 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аудандық бюджет есебінен 49 көшеге орташа жөндеу жасалды. Биыл 89 көшеге орташа жөндеу жоспарланып отыр.

Previous Post

Жетісайда ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде

Next Post

«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында 1 миллионнан астам көшет отырғызылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz