gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайда ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде

3 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайда ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауылдық елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, инвестиция тарту арқылы өндірісті дамытуға ерекше мән беруді міндеттеген болатын. Осы тапсырмаларға сәйкес, Жетісай ауданының экономикасы тұрақты өсіп, ауыл шаруашылығы өнім көлемі 120 млрд теңгеге жуықтады.

Жетісай ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі 2025 жылы 267,2 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 83,6 млрд теңгеге артты. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласының үлесі 119,4 млрд теңгеге жетсе, өнеркәсіп өнімінің көлемі 45,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы аудан әкімі Серік Мамытов брифингте мәлімдеді.

– Жетісай ауданында қазіргі таңда 12 инвестициялық жоба іске асырылуда. Асықата кентінде 59 гектар аумақта «Жетісай» индустриялық аймағы құрылып, инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтамасыз етілді. Биыл жалпы құны 45 млрд теңгеден астам 12 инвестициялық жобаның құрылысы жүргізіледі. Олардың ішінде жылына 3 мың тонна сүт өңдейтін «АГРО СҮТ» ЖШС зауыты, жылына 7,5 мың тонна жіп өндіретін «TST JETYSAY TEXTIL» ЖШС фабрикасы, сондай-ақ жылына 50 мың тонна мақта өңдейтін өндіріс орындары бар. 2025 жылы ауданда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 46,8 млрд теңгені құрады, өсім 118,4%-ды құрады, – деді аудан басшысы.

Жалпы аудан экономикасының басым бөлігін ауыл шаруашылығы саласы құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенде 10 мыңға жуық шаруа қожалық қызмет атқарады. Өткен жылы 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өнім көлемін арттыру мақсатында 321 шаруа қожалық иелері 1 500 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын жүзеге асырған. Ауданда 783 канал мен 217 қашыртқы егістік алқаптарға су жеткізеді. Сондай-ақ 5 646 гектар аумаққа тамшылатып суғару технологиясы енгізілді.

Инфрақұрылымдық дамуға да ерекше көңіл бөлінуде. «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында 2024 жылы Асықата кентінде 900 орындық, 2025 жылы Ынтымақ ауылдық округінде 600 орындық мектептер пайдалануға берілді. Жетісай қаласында 1 500 орындық мектеп құрылысы аяқталу үстінде. Соңғы үш жылда 240 тұрғынға баспана табысталып, жеке инвестор есебінен 32 пәтерлі екі несиелік тұрғын үй (жалпы 64 пәтер) пайдалануға берілді.

Инфрақұрылымдық көрсеткіштер де айтарлықтай жақсарды. Ауданға қарасты 105 елді мекеннің 92-сі табиғи газ жүйесімен қамтылған (87,6 %), соңғы үш жылда газбен қамту көрсеткіші 34,2%-ға артқан. Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен ұзындығы 183 шақырымды құрайтын жол орта жөндеуден өтті. Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 84,4%-ды құрап отыр. Биыл қосымша 43,1 шақырым ұзындығындағы 56 көше орташа жөндеуден өтеді.

Аудан тұрғындары толық орталықтандырылған ауыз су және электр қуатымен қамтамасыз етілген. Денсаулық сақтау саласында өткен жылы 1 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Асықата кенті мен Жаңаауыл ауылдық округінде жеке инвестор есебінен медициналық орталықтар салынып, қызмет көрсетуде.

– Барлық шаралар Жетісай ауданындағы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің дамуына, инфрақұрылымның жаңаруына, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Біз алдағы уақытта да аудандағы әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, халыққа сапалы қызмет көрсетуді жалғастырамыз, – деді Серік Үсенұлы.

Previous Post

Сарыағашта шалғайда орналасқан елді мекендер «көгілдір отынға» қосылды

Next Post

Сарығаш ауданында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қарқынды дамып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz