gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында 1 миллионнан астам көшет отырғызылды

4 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында 1 миллионнан астам көшет отырғызылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында қоршаған ортаны қорғау, қалалар мен ауылдарды абаттандыру және экологиялық мәдениетті арттыру шараларын күшейтуге басымдық берген. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

2025 жылы өңірде бағдарлама шеңберінде 7 263 тазалық іс-шарасы толық орындалып, тазалау мен абаттандыруға 6 998 бірлік арнайы техника және 1 миллионнан астам тұрғын тартылды. Нәтижесінде қоғамдық орындар, көшелер мен саябақтар тазартылып, көгалдандырылып, 17 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылды және 1 миллионнан астам көшет отырғызылды.

Сонымен қатар, санитарлық тазалық пен абаттандыруды тиімді жүргізу мақсатында облыс аумағына 399 бірлік арнайы техника сатып алынды, ал «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 3 475 өтінім түсті және олардың барлығы мерзімінде шешілді. Аудандық және қалалық деңгейде «Үлгілі ауыл» мен «Таза аула» байқаулары ұйымдастырылып, үздік тәжірибелер іріктелді. Байқауда Кентау қаласындағы Байылдыр ауылы бас жүлдені жеңіп алды.

Түркістан облысында қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды сақтау тұрақты түрде бақылауда. Нәтижесінде 33 452 хаттама толтырылып, жалпы 604,4 млн теңге айыппұл салынды. Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты түрде жалғасып, тұрғындар үшін жайлы әрі экологиялық таза орта қалыптастыруға бағытталады.

Previous Post

Сарығаш ауданында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қарқынды дамып жатыр

Next Post

Сауран ауданында газбен қамту мәселелері мен алдағы жоспарлар талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz