gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Сайрам ауданында сенбілік барлық 11 ауылдық округті қамтыды

7 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Сайрам ауданында сенбілік барлық 11 ауылдық округті қамтыды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне айрықша назар аударып келеді. Осы басым бағыттарды іске асыру мақсатында Сайрам ауданында кезекті санитарлық-тазалық сенбілігі ұйымдастырылды.

Аталған сенбілік Ақбұлақ ауылындағы жаңадан салынған мектеп аумағында өтіп, оған Сайрам ауданының әкімі, аудан тұрғындары, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, аудандық ветеринариялық бөлім, Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты, «Газ және тұрғын үй инспекциясы» КММ және «Көрікті Сайрам» КММ қызметкерлері белсенді қатысты.

Іс-шара барысында каналдар мен арық-атыздар, көше бойлары тазартылып, қураған ағаштар кесіліп, аумақтар санитарлық талаптарға сай ретке келтірілді. Мұндай жұмыстар елді мекендердің экологиялық ахуалын жақсартумен қатар, су арналарының өткізгіштігін арттыруға және көктемгі кезеңде туындауы мүмкін санитарлық қауіптердің алдын алуға бағытталған.

Жалпы аудан аумағындағы 11 ауылдық округте бір мезгілде ұйымдастырылған сенбілікке барлығы 2141 адам қатысып, 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигон аумақтарына 13 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

Президент Жолдауларында экологиялық қауіпсіздік пен таза өмір сүру ортасын қалыптастыру – халықтың өмір сапасын арттырудың маңызды шарты екені атап өтіледі. Осы тұрғыда Сайрам ауданында өткізіліп отырған мұндай сенбіліктер Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындауға және «Таза Қазақстан» бастамасын жүйелі түрде жүзеге асыруға бағытталған нақты қадам болып табылады.

Алдағы уақытта да аудан аумағында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасып, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға басымдық берілмек.

Previous Post

Таза Қазақстан: Келес ауданындағы сенбілікте 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Next Post

«Таза Қазақстан»: Сарыағашта экологиялық мәдениет қалыптасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz