gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Сарыағашта экологиялық мәдениет қалыптасуда

7 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Таза Қазақстан»: Сарыағашта экологиялық мәдениет қалыптасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында кең ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Кезекті сенбілік барысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ елді мекендердің ішкі көшелерінде ауқымды тазалық шаралары жүргізілді. Ауданға қарасты 13 ауылдық округ пен қала әкімдіктері бойынша бекітілген аумақтарда мекеме қызметкерлері мен жастар белсенділік танытып, ортақ іске жұмыла қатысты.

Сенбілік кезінде бей-берекет тасталған тұрмыстық қалдықтар жиналып, арық-атыздар тазартылды. Сонымен қатар саябақтар мен скверлер ретке келтіріліп, қоғамдық орындар санитарлық талаптарға сай абаттандырылды. Бұл жұмыстар аудан аумағындағы экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.

Президент Жолдауларында тазалық пен экологиялық қауіпсіздік халықтың өмір сапасын арттырудың маңызды факторларының бірі ретінде айқындалған. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан мұндай шаралар әрбір тұрғынның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға және тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыруға ықпал етеді.

Әрбір аудан тұрғыны өзі тұратын үйінің ауласын, көшесін таза ұстау арқылы өңір тазалығына өз үлесін қоса алады. Тазалық – бір күндік шара емес, ортақ мәдениет пен тұрақты дағды екенін естен шығармаған жөн.

Осы орайда барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаны аялауға, тазалықты сақтауға және туған жердің көркеюіне бірлесе үлес қосуға шақырамыз.

Previous Post

Таза Қазақстан: Сайрам ауданында сенбілік барлық 11 ауылдық округті қамтыды

Next Post

Мақтаарал ауданында «Таза Қазақстан» аясында ауқымды сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz