gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Абаттандыру мен тазалық – өңірлік дамудың маңызды бағыты

16 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Абаттандыру мен тазалық – өңірлік дамудың маңызды бағыты
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Осы міндеттер аясында елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық бастамасы өңірлерде жүйелі түрде қолға алынуда.

Осыған сәйкес, Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан аумағындағы елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын зерделеді. Аудан басшысы қызметтік көлікті пайдаланбай, елді мекен көшелерін жаяу аралап, санитарлық тазалық пен абаттандырудың нақты жағдайымен танысты.

Аралау барысында елді мекендердің санитарлық тазалығы, көшелер мен қоғамдық орындардың жай-күйі, тұрмыстық қалдықтардың уақытылы шығарылуы, абаттандыру жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, билбордтар мен ақпараттық панолардың эстетикалық талаптарға сәйкестігі, ескерткіштер мен елді мекен атауларының сыртқы келбеті мен күтімі де жан-жақты қаралды.

Сондай-ақ, заңсыз салынған құрылыс нысандарына қатысты мәселелер назардан тыс қалмады. Аудан әкімі бұл бағыттағы бақылауды күшейтуді тапсырып, құрылыс нормалары мен талаптарының сақталуын, елді мекендердің сәулеттік келбетін қорғауды округ әкімдерінің тұрақты бақылауында ұстау қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, тұрғындарға арналған демалыс орындарын көбейту, саябақтар мен скверлерді дамыту, балалар ойын алаңдары мен шағын қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру арқылы халықтың жайлы өмір сүруіне қолайлы орта құру міндеті де қозғалды. Осы ретте абаттандыру және көркейту жұмыстарының сапасына басымдық беру қажеттігі айтылды.

Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, оларды жоюдың мерзімдері белгіленді. Елді мекендердің тазалығы мен тәртібі – ортақ жауапкершілік екенін атап өткен аудан әкімі тазалық шараларын жүйелі ұйымдастыруды, түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруды жергілікті әкімдерге жүктеді.

Previous Post

«Таза Қазақстан»: Сауран ауданында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Next Post

Дәстүрге сүйенген дін – қоғам тұтастығының тірегі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz