gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Сарыағаш қаласында тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр

14 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Сарыағаш қаласында тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, қалалық және ауылдық елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін басты міндет ретінде атап өтті. Осы тапсырмаға сәйкес, Сарыағаш қаласы аумағында тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Қаланың орталық көшелері мен алаңдарында ұйымдастырылған кешенді тазалық шаралары санитарлық жағдайды жақсартуға және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Жұмыстарды «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырып, науқанға 3 арнайы техника және 30-дан астам қызметкер жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстары барысында ретсіз тасталған қоқыстар толықтай жиналып, ішкі көшелердегі арық-атыздар тазартылды, бітелген бөліктер ашылды. Сонымен қатар, ағаш бұтақтарын кесу, тал әктеу, аумақтарды ретке келтіру, жаяу жүргіншілер жолын сыпыру және көше бойларын абаттандыру жұмыстары да жүргізілуде. Бұл шаралар жасыл желектердің күтімін жақсартып, олардың ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.

Сарыағаш қаласының тазалығы мен көркі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Жергілікті әкімдік тұрғындарды қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға және туған жеріміздің көркеюіне белсенді атсалысуға шақырады. Жүйелі ұйымдастырылған тазалық шаралары тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қала келбетін жақсартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға айтарлықтай ықпал етеді.

Аудан әкімдігі мен коммуналдық қызметтер алдағы уақытта да тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, санитарлық жағдайды бақылауда ұстап, тазалық жұмыстарының сапасын жүйелі түрде жетілдіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қаланың тазалығы мен көркіне қатысуға белсенді ынталандыру шаралары да қарастырылуда.

Бұл жұмыстар Сарыағаш қаласын тұрғындар үшін жайлы, экологиялық таза және көрікті қалаға айналдыруға бағытталған. «Таза қала» науқанының табысты жүзеге асырылуы – Мемлекет басшысының Жолдауындағы ауылдық және қалалық елді мекендердің дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы нақты іс-қимылдардың көрінісі.

Previous Post

Дініміз де, дәстүріміз де баланы жастайынан көркем мінезге, еңбекке, өнерге баулуды насихаттайды

Next Post

Қазығұртта «Таза Қазақстан» аясында кешенді сенбілік ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz