gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дініміз де, дәстүріміз де баланы жастайынан көркем мінезге, еңбекке, өнерге баулуды насихаттайды

14 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Дініміз де, дәстүріміз де баланы жастайынан көркем мінезге, еңбекке, өнерге баулуды насихаттайды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақтың бар болмысы, ұлттық тәрбиесі мен рухани байлығы отбасынан бастау алады. Отбасы – үлкен тәрбие мектебі. Осындай өнегелі мектептен өткен жандардың бірі – Кентау қалалық ардагерлер ұйымы жанынан ашылған Әжелер алқасының мүшесі, Кентау қаласына еңбегі сіңген қала жанашыры, Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің зейнеткер ұстазы Сағынбекова Айзада.

Айзада Сағынбекованың өмір жолы – дәстүр мен еңбектің, дін мен тәрбиенің өзара үйлесім тапқан айқын көрінісі. Ол дүниеге келген шаңырақта ата-әжесі мен ата-анасы түгелдей қолөнермен айналысқан. Әжесі киіз басып, кілем тоқыса, атасы қамшы өріп, ат әбзелдерін жасаған. Анасы сексеннің сеңгірінен асса да сырмақ сырып, құрақ құраған. Ал, әкесі мамандығы агроном болса да, бос уақытын ұлттық ою-өрнекке арнаған.

«Осындай өнерлі отбасында дүниеге келгенімді әрқашан мақтан тұтамын», – дейді Айзада апа. Бүгінде сол атадан қалған асыл мұраны өзі де жалғастырып, әже ретінде кейінгі ұрпаққа үйретіп отыр.

Қолөнер тек шеберліктің көрінісі емес, ол – халқымыздың рухани байлығы, мәдени мұрасы. Қазақтың әрбір бұйымында тәрбие, философия, өмірге деген көзқарас жатыр. Ата-бабамыз мал шаруашылығымен айналысып, төрт түліктің әрбір мүшесін кәдеге жаратқан. Асық ойыны соның бір дәлелі. Бүгінде асық ойыны қайта жаңғырып келеді. Қойдың ішегінен домбыраға ішек жасап, қоңыр үн шығарған бабаларымыз табиғатпен үндес өмір сүрген.

Айзада апаның айтуынша, атасы немерелерін қасына отырғызып, қолөнер бұйымдарын жасай жүріп, ұсақ-түйегін алып беруге жұмсайтын.

«Мұның өзі – үлкен тәрбие. Бала сол сәттен бастап еңбекке, ұқыптылыққа, үлкенді сыйлауға үйренеді», – дейді ол.

Қазақы тәрбие дегеніміз де осындай қарапайым, бірақ терең мәнді әрекеттерден тұрады. Алайда, бүгінгі қоғамда ойландыратын жағдайлар аз емес. Жақында өткен бір семинарда Айзада апа мектеп оқушыларына: «Қайсың қолөнермен айналысасың?» деп сұрақ қойған. Қыз балалар көп болса да, бар болғаны екі-үш оқушы ғана қол көтерген. Бұл – ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтың бәсеңдегенінің белгісі.

«Балалардың бар уақытын ұялы телефон алып қойды. Жолда келе жатып та телефонға үңіліп жүреді. Ертең табиғатты тамашалауға да уақытымыз болмай қалмай ма деп қорқамын», – дейді ол алаңдап.

Шындығында, қолөнермен айналысу баланың ой-өрісін кеңейтіп, сабыр мен төзімділікке тәрбиелейді. Өнерге жақын баланың мінез-құлқы да өзгеше болады. Өнермен айналысқан бала мен бос жүрген баланың айырмашылығы бірден байқалады. Мұндай балалардың теріс жолға, бұзақылыққа баруға уақыты да, зауқы да болмайды. Олар жамандықтан жиіркенеді.

Қазақ дәстүрінде, асыл дінімізде де тәрбиенің бастауы ана жатырынан деп айтылады.

«Аяғы ауыр әйел әсем әуен тыңдап, гүлге қарасын» деген сөз бекер емес. Себебі, бала ананың құрсағында жатып-ақ тәрбие алады. Ана – ұлттың алғашқы тәрбиешісі. Дініміз де, дәстүріміз де баланы жастайынан көркем мінезге, еңбекке, өнерге баулуды насихаттайды. Сондықтан, балаларды ерте жастан түрлі үйірмелерге беру – уақыт талабы. Баланың бос уақыты болмауы керек. Қолөнер, спорт, өнер бәрі де баланың жан-жақты қалыптасуына ықпал етеді. Айзада апаның өзі де отбасында балаларын ұлттық өнерге баулып келеді», – дейді ол.

Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің тірегі. Өз дәстүрін, дінін, ұлттық құндылығын білетін ұрпақ қана ұлтты сақтап қала алады. Қолөнер – сол құндылықтардың алтын арқауы. Оны дәріптеу, насихаттау – әрбір ата-ана мен әрбір саналы азаматтың борышы. Дәстүрді дәріптеген ел – тамырынан ажырамайды. Ал, тамыры терең елдің болашағы да баянды.

Previous Post

Дін мен дәстүр – ұлттық тәрбиенің темірқазығы

Next Post

Таза Қазақстан: Сарыағаш қаласында тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz