gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында енді ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондауға болады

18 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында енді ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондауға болады
Share on FacebookShare on Twitter

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалы электрондық кезек талонын алдын ала брондау жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылғанын хабарлайды. Жоба 2026 жылғы 20 ақпаннан бастап Байдибек пен Созақ аудандарының халыққа қызмет көрсету бөліміндерінде іске қосылады.

Жаңа қызмет  азаматтарға бару күнін және уақытын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Ол үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын, электрондық үкімет порталын немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығын пайдалануға болады. Брондау жасалғаннан кейін өтініш берушіге растау туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

Сонымен қатар, дайын құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы қызметтер бұрынғыдай алдын ала жазылусыз көрсетіледі.

Айта кетейік, ерекше жағдайларда және алдын ала брондау мүмкіндігі болмаған кезде қарт адамдарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар, сондай-ақ шетел азаматтарына арналған бір жұмыс орны қарастырылған.

Сондай-ақ «ЦОН» мобильді қосымшасын пайдалану үшін ЖСН және телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет екенін еске саламыз (қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді).

Пилоттық жобаны енгізу жаңа жүйенің ыңғайлылығы мен тиімділігін бағалауға және қажет болған жағдайда функционалды кеңейту алдында тиісті жетілдірулер енгізуге мүмкіндік береді.

Пилоттық режим аясында алдын ала брондау жүйесінің сұранысы мен тиімділігіне талдау жүргізіледі. Талдау нәтижелері бойынша қызметті одан әрі енгізу және функционалын кеңейту жөнінде шешім қабылданады.

Previous Post

2026 жылғы туу көрсеткіші: ұл мен қыз саны теңесіп келе ме?

Next Post

Ассамблея жастары – бірлік пен татулық сабақтастығын нығайтуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz