gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дәстүр мен асыл дін қатар жүргенде ғана ұлттың іргесі берік, болашағы баянды болады

12 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Дәстүр мен асыл дін қатар жүргенде ғана ұлттың іргесі берік, болашағы баянды болады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ қоғамында әке мен шешенің орны қашанда биік болған. Ұрпақ тәрбиесінде олардың әрқайсысының атқаратын міндеті бөлек, жауапкершілігі зор. Осы мәселені үнемі көтеріп жүрген ел ағаларының бірі, Кентау қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Ащысай түсті металлург комбинатының» ардагер кеншісі – Қозыбаев Рахматулла Оспанұлы.

Ақсақал бүгінде қоғамда алаңдатарлық жайттар көбейіп бара жатқанын жасырмайды.

«Қазір әлеуметтік желілерде әкесі мен шешесіне қиянат жасап жатқан балалардың әрекеттерін жиі көріп жүрміз. Бұл – жүрекке ауыр тиетін жағдай. Қоғамда әкенің рөлі төмендеп бара жатқандай. Ал, бала үшін әкенің тәрбиесі ең бірінші керек», — дейді Рахматулла Оспанұлы.

Шынында да, қазақы тәрбиеде әке – тәртіптің, жауапкершіліктің үлгісі. Әке тәрбиесін көріп өскен бала жүректі, сабырлы, өзін-өзі ұстай білетін азамат болып қалыптасады. Ақсақалдың айтуынша, кейінгі кезде осы әке тәрбиесі азайып барады.

«Бұрын әке баласына: «Ысырапқа жол берме, әдепсіздік жасама, жаман іске дағдыланба» деп үнемі айтып отыратын. Әке қасына ертіп жүріп адамдармен қалай сөйлесу керектігін көрсетеді. Қандай істің дұрыс, қандай істің бұрыс екенін үйрететін», — дейді ол.

Ал, ананың орны – үйдің берекесі, ошақтың ұйытқысы. Ас дайындау, үй тірлігі, балаға мейірім беру – ананың басты міндеті. Дінімізде де ата-анаға құрмет көрсету ең үлкен парыздың бірі. Құранда: «Ата-анаңа жақсылық жаса» деп нақты бұйырылған.

Рахматулла Оспанұлы бүгінгі ата-аналардың балаға бақылауы әлсіреп кеткеніне де қынжылады. «Кейбір ата-аналар баласының қайда жүргенін, кіммен араласатынын білмейді. «Сабаққа кетті ме, қай жақта жүр, не істеп жатыр?» деп мән бермейді. Баланы қатаң қадағалап отыру керек. Мысалы, екі сағат спорт үйірмесіне барып келсе, кейін үй шаруасына көмектесуі немесе сабағын қарауы тиіс», — дейді ақсақал.

Ол ер азаматтың бейнесіне де ерекше тоқталады.

«Ер жігіт адал, іскер болуы керек. Қолынан келгенше үлкенге, анаға, әлсізге жақсылық жасап жүрсе деймін. Міне, нағыз азамат деген осы», — дейді қария.

Ақсақал батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының тағылымды ойына да тоқталады.

«Рухани байлыққа тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін керек» деген сөзі өзектілігін жойған жоқ.

Қыз бала тәрбиесіне келгенде Рахматулла Оспанұлы ерекше жауапкершілік керектігін айтады.

«Қазақ «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Ал, ата-бабамыз «Ұл бұзылса – отбасының бұзылғаны, қыз бұзылса – ұлттың бұзылғаны» деп бекер айтпаған. «Қазақ қызды қорламаған. «Қыздың қабағында құт бар» деп, оны үйдің бақыты санаған. Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады, қабағы түссе – жамандықтың белгісі деп ырымдаған. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Ұлт тәрбиесі сол аналардың қолында. «Баланың тәрбиесі – әкесінен, тілі – шешесінен» дейді халық. Демек, анаға артылар жүк те ауыр», — дейді Рахматулла Оспанұлы.

Қазақтың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарының барлығы тұнып тұрған тәрбие, тұтас бір өмір мектебі. Онда жақсы ниетте болу, біреудің обалына қалмау секілді терең мағына жатыр.

«Жамандық өзіңе болмаса балаңа, балаңа болмаса ұрпағыңа айналып келеді. Сондықтан әрқашан жақсы ниетте болыңдар. Өмірдің мәні байлықта да, мансапта да емес. Өмірдің шынайы мәні – ата-анаға деген құрметте», — деп түйіндейді өз сөзін ақсақал.

Айтарымыз, әке тәрбиесі мен ана мейірімі, дәстүр мен асыл дін қатар жүргенде ғана ұлттың іргесі берік, болашағы баянды болады.

Previous Post

Қазақы тыйымдар мен тәрбиелік ұстанымдардың барлығы исламның қағидаларымен үндеседі

Next Post

Бөген су қоймасының жағдайы бақылауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz