gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Асық ойыны ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тәрбиенің, дін мен дәстүрдің, ұлттық болмыстың көрінісі

15 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Асық ойыны ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тәрбиенің, дін мен дәстүрдің, ұлттық болмыстың көрінісі
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі ең озық үлгілерінің бірі – ұлттық ойындар. Соның ішінде асық ойынының орны ерекше. Бұл ойын тек ермек қана емес, баланың ақыл-ойын, дене қимылын, шапшаңдығы мен дәлдігін қатар дамытатын тәрбиелік мәні зор құрал. Бүгінде осы ұлттық құндылықты білім беру үдерісіне тиімді енгізіп жүрген ұстаздардың бірі – Бауыржан Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қалыбаева Раушан Абайқызы.

Ұстаздың айтуынша, асықпен ойналатын ойындар оқушылардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, саусақ моторикасына, логикалық ойлау жүйесіне үлкен әсер етеді. Сабақ барысында «Бесдемше» ойынын асық арқылы ойнату – соның бір дәлелі. Мұндай ойындарда бала ойлануға, есептеуге, шапшаң шешім қабылдауға үйренеді.

«Асық баланың саусақ моторикасын дамытады. Біз сабақ кезінде асықпен түрлі логикалық ойындарды ойнатамыз. Балалар қызыға қатысады», – дейді Раушан Абайқызы.

Өкінішке қарай, қазіргі таңда асықтың не екенін білмейтін балалар да кездеседі. Осыдан-ақ ұлттық тәрбиеден алшақтап бара жатқанымызды көруге болады. Ал, асық ойыны – ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра. Қазақ баласы асықпен ойнап өскен. Ол ойын арқылы ептілікке, дәлдікке, шыдамдылыққа, әділдікке үйренген.

Асық ойындарын тек мектеп жасындағы балаларға ғана емес, балабақша тәрбиеленушілеріне де бейімдеп қолдануға болады. Мәселен, асықтарды түрлі түске бояп, санау, түстерді ажырату, топтастыру сияқты ойындар ойнатуға әбден мүмкіндік бар. Бұл баланың ерте жастан ойлау қабілетін дамытуға үлкен септігін тигізеді.

Сонымен қатар, балабақшада асықты жерге қойып, баланы оның үстімен жүргізу тәсілі де бар. Бұл әдіс баланың табанына массаж жасап, денсаулығын нығайтады. Асыл дінімізде де адам денсаулығына мән беру, денені шынықтыру сауапты іс деп қарастырылады. Ал, дәстүрімізде баланы табиғи жолмен, ойын арқылы жетілдіру басты орында тұрған.

Асық ойыны арқылы бала жылдам есептеуге, шапшаң қимылдауға, көз мөлшерін дәлдеуге үйренеді. Бұл қазіргі заман баласына ауадай қажет қасиеттер. Ұлттық ойынның осындай терең тәрбиелік мәні бар екенін ескере отырып, оны оқу-тәрбие үдерісіне кеңінен енгізу – уақыт талабы.

-Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынатын негізгі құндылықтардың бірі – ұлт бірлігі мен мәдени мұраны сақтау. Осы тұрғыдан алғанда, асық ойыны – барша этносты ортақ құндылыққа, татулық пен бірлікке үндейтін ұлттық ойын. Ұлттық ойындар арқылы біз жас ұрпақтың бойына өз халқының тарихына, мәдениетіне деген құрметті қалыптастырамыз, — дейді ол.

Асық ойынының сыры тереңде. Ол жәй сүйек емес, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тәрбиенің, дін мен дәстүрдің, ұлттық болмыстың көрінісі. Раушан Абайқызы сынды ұстаздар сол асыл мұраны қайта жаңғыртып, бүгінгі ұрпаққа жеткізуде. Ұлттық ойынмен тәрбиеленген бала рухы мықты, ойы сергек, дені сау азамат болып қалыптасады. Демек, асық ойынын дәріптеу – өткенге тағзым ғана емес, болашаққа жасалған берік қадам.

 

Previous Post

Қазығұртта «Таза Қазақстан» аясында кешенді сенбілік ұйымдастырылды

Next Post

«Таза Қазақстан»: Сауран ауданында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz