gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жастарды жат ағымдардан сақтандыру – ортақ міндет

7 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жастарды жат ағымдардан сақтандыру – ортақ міндет
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау институтының студенттерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында діни экстремизм мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу, олардың діни сауаттылығын арттыру және қоғамға қауіпті идеологиялардан сақтандыру болды.

Кездесуге Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің инспекторы Б.Самбетов, теолог мамандар А.Ибраева мен Ш.Нұрулла, Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгері Б.Шакиров, сондай-ақ Кентау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Құралбаев Айдын Талғатұлы қатысты.

Кездесу барысында теолог мамандар дәстүрлі ислам құндылықтарының маңыздылығына тоқталып, Қазақстан қоғамына жат, радикалды көзқарастардың жастар санасына қалай әсер ететіні жан-жақты түсіндірді. Деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілері, олардың жастарды психологиялық тұрғыда манипуляциялау әдістері және әлеуметтік желілер арқылы таралу жолдары нақты мысалдармен баяндалды. Сонымен қатар, жалған діни уағыздардың ұлттық салт-дәстүрге, ата-баба жолына және зайырлы мемлекет қағидаттарына қайшы келетіні ерекше атап өтілді.

Заңгер маман өз сөзінде діни экстремизм мен терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікке тоқталып, заң талаптарын бұзудың ауыр құқықтық салдары бар екенін ескертті. Ал полиция қызметкері жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдарына тоқталып, интернет кеңістігінде сақ болудың маңыздылығын айтты.

Сондай-ақ іс-шара барысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар аясында қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтырудың маңызы кеңінен сөз болды. Заңға бағыну, радикалды идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру және саналы азаматтық ұстаным – ел болашағы саналатын жастардың басты міндеті екені атап өтілді.

Кездесу соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, дін мен қоғам, зайырлылық қағидаттары, радикалды ағымдардан сақтану жолдары бойынша нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

Previous Post

Кентауда Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Next Post

«Дінімізде отбасы ішіндегі мейірім мен жауапкершілікке ерекше мән берілген»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz