Кентау қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынды кеңес төрайымы Маржан Кривенцова жүргізіп, қатысушыларға күн тәртібіндегі маңызды мәселелер туралы таныстырды.
Кеңес мүшелері биылғы жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылап, алдағы кезеңдегі қоғамдық-саяси және тәрбиелік бағыттағы іс-шараларды үйлестіруге ерекше мән берді.
Күн тәртібіне сәйкес, аналар кеңесінің төрайымы Маржан Қазыбайқызы 2026 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы толық ақпарат беріп, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын түсіндіру, қоғамдық-саяси және тәрбиелік бағыттағы жұмыстарға тоқталды. Жиын қатысушылары кеңес мүшелерінің белсенділігі мен ұсыныстарын қолдап, бірлескен іс-қимылдың қоғам өмірінде маңыздылығын атап өтті.



