gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Дінімізде отбасы ішіндегі мейірім мен жауапкершілікке ерекше мән берілген»

8 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Дінімізде отбасы ішіндегі мейірім мен жауапкершілікке ерекше мән берілген»
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі қоғамда адамзат алдында тұрған ең күрделі сын-қатерлердің бірі – тәуелділік мәселесі. Алкоголизм мен есірткіге әуестік тек денсаулыққа зиян келтіретін әдет емес. Ол – адамның рухани болмысына, отбасының берекесіне, қоғамның тұтастығына нұқсан келтіретін дерт. Ислам дінінде адам жаны мен тәні Жаратушының аманаты ретінде қарастырылып, оған зиян келтіру үлкен күнә саналады. Қасиетті Құран аяттарында адам баласына өз-өзін қауіп-қатерге салмау ескертілсе, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінде ақыл-есті тұмандандыратын әрбір заттың харам екені нақты айтылған.
Дініміз адамды сабырлы болуға, нәпсіге қарсы тұруға, отбасы аманатына адал болуға үндейді. Осындай рухани негіздерге сүйене отырып қана біз қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – тәуелділік дертіне қарсы тұра аламыз. Бұл жайлы облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Асем Смайлова былай дейді:
«Қазіргі қоғамда әлеуметтік желілердің еркін әрі қолжетімді болуы, интернет арқылы түрлі зиянды ақпараттардың таралуы жастарға кері әсерін тигізуде. Телеграм каналдар арқылы есірткі саудасының оңай жолға қойылуы – үлкен қауіп. Кейбір жастар оңай табыс табамын деп жүріп, өздері сол удың құрбанына айналып жатады.
Кейде кейзелісті басамын деп бір рет қолданып көрген зат адамды біртіндеп тәуелділікке алып келеді. Ал, одан шығу – өте күрделі процесс. Бұл жерде дінімізде айтылатын нәпсімен күрес мәселесі алға шығады. Сондықтан рухани иммунитетті күшейту – ең басты қорған», — дейді Асем Смайлова.
Асем Смайлова бұл саланы жүрек қалауымен таңдаған маман. Ол адам тағдырына бей-жай қарамау, құлаған жанды қайта тұрғызуға ұмтылу үлкен жауапкершілік пен сауапты іс деп санайды.
Дінімізде отбасы – қоғамның іргетасы. Әке жауапты, ана мейірім мен тәрбие көзі саналады. Бала аманатымыз. Егер ата-ана бала тәрбиесіне немқұрайлы қараса, бұл аманатқа қиянат болып саналады. Күйбең тіршілікпен жүріп, баланың жан дүниесіне үңілмеу, оның ішкі әлемін түсінбеу – үлкен қателік. Қазақ халқы «Балаңды досыңдай көр» деп бекер айтпаған. Бұл сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Бала ата-анасынан қорықпай, еркін сырласатын деңгейде болуы керек. Дәстүрімізде үлкеннің батасы, ананың әлдиі, әкенің өнегесі – бәрі де баланың рухани іргетасын қалыптастырған. Бүгінде сол дәстүрлеріміздің мәні мен мағынасына терең үңіліп, оны күнделікті тұрмысымызға енгізу қажет. Отбасында бірге дастархан басында отырып әңгімелесу, ата-әжемен қарым-қатынас, ұлттық салт-сананы дәріптеу мұның бәрі баланың ішкі тұрақтылығын қалыптастырады.
«Егер бала отбасында жылулық көрмесе, ол оны сырттан іздейді. Ал, сырттағы орта әрдайым қауіпсіз емес. Теріс жолға түсудің бір себебі жан жылуының жетіспеуі. Сондықтан дінімізде де отбасы ішіндегі мейірім мен жауапкершілікке ерекше мән берілген», — дейді Асем Смайлова.
Расында да рухани әлсіз адам түрлі зиянды әдеттерге бейім келеді. Ал иманды, саналы, отбасылық тәрбиесі берік адам мұндай жолға оңайлықпен түспейді. Дінімізде сабыр, шүкір, тәубе ұғымдары бар. Қиындық келгенде ішімдікке немесе есірткіге жүгіну әлсіздік. Ал, сабыр сақтап, Алладан медет сұрау – нағыз мұсылманның жолы. Мұндай түсінікті жастардың санасына дұрыс жеткізу имамдардың, ұстаздардың, ата-аналардың және медицина мамандарының ортақ міндеті саналады.
«Дінімізде «бірлік бар жерде – тірлік бар» деген түсінік бар. Дәстүрімізде де ағайынның татулығы, қауымның ынтымағы жоғары бағаланған. Яғни, бірлікті сақтай отырып, біз тәуелділік мәселесінің алдын ала аламыз», — дейді Асем Смайлова.

Previous Post

Жастарды жат ағымдардан сақтандыру – ортақ міндет

Next Post

Дініміз де, дәстүріміз де адамды кішіпейілділікке, бірлікке, қарапайымдылыққа үндейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz