gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Кентауда «Даналық көпірі» атты интерактивті кездесу өтті

13 февраля, 2026
in Қоғам
0
Кентауда «Даналық көпірі» атты интерактивті кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін күшейтуге бағытталған «Даналық көпірі» атты интерактивті кездесу ұйымдастырылды. Танымдық шара Кентау қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы №23 жалпы білім беретін мектеп базасында өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдық келісім мен бірліктің маңызын түсіндіру, сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелерді ашық диалог арқылы талқылап, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыру болды.

Аталған кездесуге Қоғамдық келісім КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Б.Әшірбаев, Кентау қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Б.Самбетов, сондай-ақ Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің теолог маманы Қ.Мырзабай қатысты.

Кездесу барысында азаматтық келісімді нығайту, ұлттық бірлікті ілгерілету, заң талаптарын сақтау, жастарды отансүйгіштікке және рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселелері кеңінен қозғалды. Спикерлер өз сөздерінде жасөспірімдердің теріс діни ағымдардан сақтануы, жалған идеологияларға қарсы сыни ойлау қабілетін дамытуы және қоғамдағы өз орнын дұрыс түсінуі аса маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, қазіргі ақпараттық кеңістікте жастардың санасын улайтын қауіптердің бар екені айтылып, олардан қорғанудың ең тиімді жолы – білім, дұрыс бағыт-бағдар және ұлттық тәрбиенің беріктігі екені жеткізілді. Ақсақалдар кеңесінің өкілі өмірлік тәжірибеге сүйене отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, бірлік пен татулықты сақтау – ел болашағының берік негізі екенін атап өтті.

«Даналық көпірі» кездесуі интерактивті форматта өтіп, ашық пікір алмасуға құрылды. Қатысушылар мен оқушылар арасында еркін диалог орнап, нақты өмірлік мысалдар арқылы маңызды тақырыптар жан-жақты талқыланды. Мұндай формат жастардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ой-пікірін ашық білдіруіне және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруына мүмкіндік берді.

Жиын қорытындысында ұйымдастырушылар мұндай мазмұнды кездесулердің жастар тәрбиесінде маңызы зор екенін атап өтіп, алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

Previous Post

Бөген су қоймасының жағдайы бақылауда

Next Post

Ауылдан қалаға көшу қаншалықты тиімді?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz