Түркістан облысының полицейлері республиканың 3 өңірінен келген қызметкерлермен бірлескен алғашқы жұмыс күнін қорытындылады. Нәтижесінде бір тәулікте 1600-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Заң талаптарын бұзған азаматтарға тиісті шара көріліп, 129 көлік айыптұраққа қойылды. Анықталған деректер арасында — ұялы телефон пайдаланудың — 113, жүргізу құқығынсыз рөлге отырудың — 28, бағдаршамның қызыл түсіне өтудің — 18, қарсы бағытқа шығудың — 2, мас халде көлік басқарудың — 2 дерегі тіркелген. Мұндай бірлескен жұмыстар полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуға және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді.



