gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Сарыағашта жаңа шипажай іске қосылды

24 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Сарыағашта жаңа шипажай іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласын, соның ішінде емдік-сауықтыру туризмін дамыту өңірлердің экономикалық өсіміне серпін беретін маңызды бағыттардың бірі екеніне ерекше назар аударып келеді. Бүгінде Сарыағаш ауданында шипалы минералды және термалды суларды тиімді пайдалану негізінде сауықтыру туризмі қарқынды дамып келеді. Шипалы суымен кеңінен танылған Сарыағаш шипажайларына келушілер саны жыл сайын артып, бұл салаға деген сұраныс жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Соған байланысты ауданда жаңа сауықтыру нысандары кезең-кезеңімен іске қосылуда.

Сол игі бастамалардың жалғасы ретінде Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елді мекенінде «Uzak Zhasau» шипажайы пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, жаңа шипажайдың лентасын қиып, ресми түрде іске қосты.

Іс-шара барысында аудан әкімі шипажайдың жұмысымен танысып, жеке кәсіпкер Құрбанкүл Махановаға алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, салтанатты рәсімге аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа шипажай заманауи талаптарға сай жабдықталған. Нысан бір мезетте 80–100 адамды қабылдай алады. Жобаның жалпы құны 780 миллион теңгені құрайды. Мұнда келушілерге емдік-сауықтыру процедуралары, тынығу және денсаулықты қалпына келтіруге арналған толық жағдай жасалған.

Шипажайдың іске қосылуы нәтижесінде 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып, ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және жұмыспен қамту деңгейін арттыруға оң әсерін тигізуде.

Жалпы, Сарыағаш ауданында емдік-сауықтыру туризмін дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асуына жол ашпақ.

Previous Post

Түркістан облысында рейдтік шаралар нәтижесінде 1600-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Next Post

Таза Қазақстан: «Шәміл-дүр» саябағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz