gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Сайрам ауданында кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді

8 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Сайрам ауданында кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кәсіпкерлік саласын дамыту мен бизнес идеяларды қолдау шаралары артып, мемлекет бизнеске көмек көрсету ісін жалғастыра беретінін атап өткен болатын. Президент айтқандай, шағын және орта бизнес – қоғамның тұрақты дамуының негізі. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде өндіріс орындары ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылып, отандық өнім көлемі артып келеді. Осы бағыттағы жұмыстар Сайрам ауданында да қарқынды жүзеге асуда.

Жуырда ауданда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған арнайы пресс-тур ұйымдастырылып, журналистер бірқатар өндірістік және әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен БАҚ өкілдері Ақсу ауылында орналасқан майлықтар мен жөргектер өндіретін кәсіпорынға барды. «Capable Group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырған жоба 2025 жылы іске қосылған. Өндіріс орны жылына 60 миллион дана дымқыл майлық шығаруға қауқарлы. Сонымен қатар, айына 50 миллион дана балалар жөргегін өндіреді. Қазіргі таңда мұнда 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын өнімдері Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдеріне экспортталуда.

Пресс-тур барысында журналистер кейін «Tayiba» ЖШС-нің сүт өнімдерін өндіру зауытының тыныс-тіршілігімен танысты. 2024 жылдың маусым айында іске қосылған кәсіпорында бүгінде 50 адам еңбек етеді. Зауыт тәулігіне 50 тоннаға дейін қаймақ, айран, құрт секілді сүт өнімдерін өндіреді. Бұл өз кезегінде ауданның азық-түлік өндірісін дамытуға серпін беріп отыр.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері «Aqua Alba» ЖШС-нің оңалту-сауықтыру кешенінде болды. 2025 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген кешен денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған. Мұнда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Заманауи кешен тәулігіне 150 адамға дейін қызмет көрсету мүмкіндігіне ие.

Пресс-тур аясында Ақсукент ауылындағы «Наурыз–5» ЖШС-нің жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу зауыты да таныстырылды. Бұл – агроөнеркәсіп саласындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. 2023 жылдың қыркүйек айында іске қосылған жобаның жалпы құны 2 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорында 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыт жылына 2400 тонна дайын өнім өндіреді. Мұнда томат пастасы, кетчуп және жеміс шырындарының 60-қа жуық түрі шығарылады. Өндірісте Түркияның заманауи құрал-жабдықтары пайдаланылуда.

Бұдан бөлек, журналистер Көлкент ауылдық округіндегі «Абдирасулов» ЖК-нің ғимарат қабырғалары мен шатырларына арналған металл өнімдерін шығаратын зауыттың құрылысымен танысты. Қазіргі таңда нысан құрылысының 90 пайызы аяқталған. Қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын толық іске қосылған кезде 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Зауыт жылына 8 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы болады. Мұнда үй қабырғалары мен шатырларына арналған металл өнімдері шығарылып, ішкі нарыққа бағытталмақ.

Жалпы алғанда Сайрам ауданында жүзеге асырылып жатқан мұндай жобалар өңір экономикасының дамуына тың серпін беріп, халықты жұмыспен қамтуға және отандық өндірісті дамытуға мүмкіндік жасап отыр.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Сарыағашта жаңа өндірістік аймақ құрылысы қарқын алды

Next Post

Президент тапсырмасы: Шұбарда инфрақұрылым жұмыстары қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz