gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Шұбарда инфрақұрылым жұмыстары қарқын алды

10 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Шұбарда инфрақұрылым жұмыстары қарқын алды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың өмір сүру сапасын арттыруда инфрақұрылым саласының маңызы ерекше екеніне үнемі назар аударып келеді. Әсіресе, ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Осы орайда айта кетейік, бүгінде Ордабасы ауданында елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аудан әкімі Азат Оралбаев Шұбар ауыл округіне арнайы барып, бірқатар маңызды нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Береке ауылын ауызсумен қамту жүйесінің жұмысын көрді. Бұған дейін Береке ауылындағы 600 абонент ауызсуды Шұбар ауылындағы су жүйесі арқылы тұтынып келген болса, қазіргі таңда Шұбар ауылынан қосымша су ұңғымасы қазылып, нәтижесінде 1100 абонент тұрақты ауызсумен қамтылып отыр.

Жоба тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған. Жүйенің ерекшелігі – су қысымының екі бағытта біріктірілуінде. Бұл өз кезегінде су беру жүйесінің тұрақтылығын арттырып, бір су көзі уақытша тоқтаған жағдайда екіншісінің автоматты түрде іске қосылуына мүмкіндік береді. Осылайша тұрғындарды ауызсумен қамтуда үзіліс болмайды.

Нысанды аралау барысында аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына ауызсудың талапқа сай әрі тұрақты берілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Әсіресе, электр қуатының үзілуіне байланысты ауызсудың кешігуіне жол бермеу қажеттігін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде салаға жауапты бөлім басшысы нысан аумағына қосымша трансформатор орнатылғанын жеткізді. Бұл жүйенің тұрақты жұмыс істеуіне және техникалық ақаулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Мұнан соң аудан әкімі Шұбар ауылындағы ашық футбол алаңының құрылысымен танысты. Аталған жоба ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасап, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар, алдағы уақытта ойын алаңы маңынан балалар ойын алаңшасының құрылысы басталатыны айтылды.

Сапар барысында ауыл ішіндегі абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Орталық көше бойында жаяу жүргіншілер жолы салынып, ауыл әкімдігі аумағы көркейтілуде. Сонымен қатар қажетті инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Жалпы, Шұбар ауыл округінде жүзеге асып жатқан бұл жобалар ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, қолайлы орта қалыптастыруға және елді мекеннің инфрақұрылымдық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып отыр.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Сайрам ауданында кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда балаларға арналған оқу-спорт орталығының жұмысы жандануда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz