gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда балаларға арналған оқу-спорт орталығының жұмысы жандануда

10 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда балаларға арналған оқу-спорт орталығының жұмысы жандануда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасау ел болашағын қалыптастырудың негізгі бағыты екенін үнемі атап келеді. Президент өз Жолдауларында білім мен спортты қатар дамыту, ауыл жастары үшін қолжетімді инфрақұрылым қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударған болатын.

Бүгінде Жетісай ауданында өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов осы мақсатта Ынтымақ елді мекенінде орналасқан «Бейсенбай ата» оқу-спорт орталығының жұмысымен танысты.

Ағымдағы жылдың ақпан айында өз жұмысын бастаған орталық бүгінде ауыл балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін маңызды білім және спорт орталығына айналып отыр. Қазіргі таңда мұнда 250-ге жуық бала түрлі үйірмелерге тұрақты қатысуда.

Орталықта жасөспірімдер еркін күрес, бокс және үстел теннисі секілді спорт түрлерімен шұғылданып, дене шынықтырумен қатар тәртіп пен төзімділікті бойларына сіңіруде. Сонымен бірге ұлттық би үйірмесі арқылы балалардың ұлттық өнерге деген қызығушылығы артып келеді.

Білім беру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Оқушылар ағылшын және орыс тілдерін меңгеріп, көркем оқу үйірмелеріне қатысады. Ал, мектепалды дайындық топтарында бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге арнайы сабақтар өткізіліп, олардың мектепке толық дайын болуына жағдай жасалған.

«Бейсенбай ата» оқу-спорт орталығында жоғары санатты ұстаздар мен тәжірибелі жаттықтырушылар дәріс беруде. Балалар үшін барлық қажетті жағдай жасалған: ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыру және жуыну бөлмелері жабдықталып, қауіпсіздік талаптары толық сақталған.

Аудан әкімі орталықтың ауыл балалары үшін маңыздылығына тоқталып, мұндай бастамалардың жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына зор ықпал ететінін атап өтті.

«Мұндай орталықтардың ашылуы – ауыл жастарының болашағына жасалған маңызды қадам. Ел намысын қорғайтын спортшылар мен білімді, талантты жастардың қалыптасуына негіз болатын мұндай жобаларға әкімдік тарапынан әрдайым қолдау көрсетіледі», – деді Серік Үсенұлы Мамытов.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Шұбарда инфрақұрылым жұмыстары қарқын алды

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда жол жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz