gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Кентауда жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

30 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Кентауда жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру өңірлерді дамытудың басты бағыттарының бірі екенін атап өткен болатын. Сондай-ақ, Президент өз Жолдауында сапалы жол мен қауіпсіз көлік қатынасы халықтың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер ететінін айтып, елді мекендердегі жол-көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аудару қажеттігін тапсырған еді.

Бүгінде Кентау қаласында осы бағыттағы жүйелі жұмыстар қарқынды жүзеге асырылып келеді. Қала аумағында жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар қолға алынып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Солардың бірі – «Хантағы–Қаратау» бағытындағы көпірді жаңғырту жобасы. Аталған жоба өңірдегі көлік қатынасын жақсартып, жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық бастамалардың бірі саналады. Жоба аясында ұзындығы 54,2 метр, ені 6 метр болатын жаңа көпір салынуда. Сонымен қатар, 200 метр жол жабыны толықтай жаңартылып, заманауи талаптарға сай абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс барысында жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жол қарастырылып, қауіпсіз қозғалыс жүйесі қалыптастырылмақ. Бұдан бөлек, жол бойына жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстары да қолға алынған.

Қазіргі таңда нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Арнайы техникалар мен қажетті жұмыс күші жұмылдырылып, көпірдің тірек бөліктерін нығайту, жол негізін дайындау және асфальт төсеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Мамандардың айтуынша, жоба толық аяқталғаннан кейін бұл бағыттағы көлік қозғалысы едәуір жеңілдеп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптасады.

Нысан басына арнайы барған қала әкімі Жандос Тасов Хантағы ауылындағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Қала басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, ол инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауыл ішіндегі көшелерді орташа жөндеу жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биыл Назаров, Қаратау және Иманов көшелерінде жөндеу жұмыстары басталып, қазіргі таңда жол негіздерін дайындау кезеңі аяқталуға жақын. Жоба жоспарына сәйкес, аталған көшелер толықтай жаңартылып, шілде айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жол сапасы жақсарып, тұрғындардың қатынауына қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалмақ.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Сарыағашта өсімдік майын шығаратын зауыт іске қосылды

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Сайрам ауданында жол құрылысы қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz