gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Шардарада жүгеріні терең өңдейтін зауыт салынуда

28 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Шардарада жүгеріні терең өңдейтін зауыт салынуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз етуде өңдеу өнеркәсібін дамыту мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеудің маңызы зор екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Президент тапсырмасына сәйкес бүгінде өңірлерде инвестициялық жобаларды іске асыру, өндіріс көлемін ұлғайту және экспортқа бағытталған кәсіпорындарды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы орайда Түркістан облысы индустриялық даму мен агроөнеркәсіп саласын әртараптандыруда жаңа кезеңге қадам басты. Өңірде ірі инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, өндірістік әлеует артып келеді. Соның бірі – Шардара ауданындағы индустриалды аймақта салынып жатқан «Казкрахмал» крахмал-сірне зауыты. Бұл жоба өңірдің индустриялық және аграрлық әлеуетін ұштастырып, экономиканың жаңа драйверіне айналатын маңызды бастамалардың бірі саналады.

Қазіргі таңда кәсіпорында шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылған. Сонымен қатар, өндірістік қуаттарды кезең-кезеңімен енгізу және қалдықсыз өңдеу технологияларын пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Зауытта крахмал, сірне, тағамдық глюкоза, мальтоза сиропы, жүгері майы, глютен, кебек және түйіршіктелген құрамажем секілді 20-дан астам өнім түрін шығару жоспарланып отыр. Өндірісте тек генетикалық түрлендірілмеген жүгері қолданылатын болады.

Биыл толық іске қосылатын өнеркәсіптік жоба – жүгеріні терең өңдеуге бағытталған Қазақстандағы ең ірі бастамалардың бірі. Жоба толық аяқталған кезде кәсіпорын жылына 150 мың тонна жүгері өңдеп, 26 түрлі өнім шығаруға мүмкіндік алады. Бұл ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу арқылы қосылған құнды арттыруға және дайын өнім өндірісін көбейтуге жол ашады.

Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 35 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорын өнімдері ішкі нарықпен қатар Азия және Еуропа елдеріне экспортталмақ. Бұл өз кезегінде Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Айта кетейікғ бүгінде Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша республикада көш бастап тұрған өңірлердің бірі саналады. Бұл бағытта облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауымен жүйелі жұмыстар жүргізіліп, ірі жобаларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Өңірдегі индустриалды және арнайы экономикалық аймақтардың мүмкіндіктері тиімді пайдаланылып, жаңа өндіріс орындары ашылуда.

Мамандардың айтуынша, «Казкрахмал» жобасы болашақта Қазақстан ғана емес, Орталық Азиядағы жүгеріні терең өңдеу саласындағы ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан өндірістердің біріне айналмақ. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы алдағы кезеңде 300 мың тоннаға дейін ұлғайтылып, әлемнің 100-ден астам серіктесімен жұмыс істеу жоспарланып отыр.

Инвестициялық жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылуда. Бірінші кезең аясында жүгеріні қабылдау, кептіру және сақтау инфрақұрылымы қалыптастырылса, екінші кезеңде толыққанды терең өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде. Дегенмен, бүгінгі таңда шикізат базасын қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты облыста жүгері егіс алқаптарын ұлғайту бағытында нақты жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, Жетісай ауданы мен Мақтаарал ауданында жаңа егіс алқаптары игеріліп, аграрлық секторды әртараптандыруға басымдық берілуде.

«Казкрахмал» зауыты озық технологиялармен жабдықталып, өндіріс процесінің 80 пайызы автоматтандырылған. Бұл өнім сапасын тұрақты бақылауға, өндірістік шығындарды азайтуға және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорында халықаралық стандарттарға сай өндіріс жүйесі қалыптастырылып, әлемдік деңгейдегі мамандардың тәжірибесі енгізілуде.

Зауытта өндірілетін негізгі өнімдердің бірі – жоғары сапалы жүгері крахмалы мен сірне өнімдері. Бұл өнімдер тамақ, фармацевтика және өзге де өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады. Кәсіпорын экологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, тұрақты даму қағидаттарына негізделген өндіріс жүргізуді мақсат етіп отыр.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Түлкібаста өндірістік кооперативтің жұмысы жанданып келеді

Next Post

Президент тапсырмасы: Шардарада жаңа жол құрылысы қарқынды жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz