gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Түлкібаста өндірістік кооперативтің жұмысы жанданып келеді

28 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Түлкібаста өндірістік кооперативтің жұмысы жанданып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бүгінде ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында кооперативтер құру, шағын өндірістерді дамыту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Осы бағыттағы нәтижелі жобалардың бірі Түлкібас ауданында қолға алынған. Аудан әкімі Асқар Естібаев Жаскешу ауылдық округінде құрылған «Жаскешу өнімдері» кооперативінің жұмысымен танысты.

Аталған кооператив ауыл шаруашылығы саласын дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және жергілікті тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Қазіргі таңда кәсіпорын бірнеше бағытта жұмыс жүргізіп келеді. Атап айтқанда, мұнда термопанельдер өндіру, пластик өнімдерін жасау және мал азығын дайындау ісі жолға қойылған.

Кооператив заманауи технологияларды пайдалану арқылы өндіріс көлемін ұлғайтып, өнім сапасын арттыруға басымдық беруде. Жоба аясында кәсіпорын «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен 25 миллион теңге көлемінде несие алған. Сонымен қатар, кооператив мүшелері өз қаражаттарын қосып, өндіріс аясын кеңейту жұмыстарын жүргізіп отыр.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында Қытай Халық Республикасынан заманауи техникалар сатып алынған. Олардың қатарында соңғы үлгідегі тракторлар, шөп оратын, дән себетін, рулон жасайтын және пластик өнімдерін шығаратын арнайы құрылғылар бар.

Жаңа технологиялармен жабдықталған өндіріс орны бүгінде сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл өз кезегінде аудан тұрғындарын ғана емес, көршілес елді мекендерді де қажетті өнімдермен қамтамасыз етуге жол ашуда. Сонымен қатар, өндіріс көлемінің артуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына және ауыл тұрғындарының тұрақты табыс табуына мүмкіндік беруде.

Аудан әкімі кооперативтің жұмысымен танысу барысында атқарылып жатқан істерге оң бағасын беріп, мұндай өндірістік бастамалардың ауыл экономикасын дамытудағы маңызы зор екенін атап өтті. Ол әкімдік тарапынан кәсіпкерлік пен кооперативтерді дамытуға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Жалпы айтқанда, Түлкібас ауданында жүзеге асырылып жатқан мұндай жобалар ауыл шаруашылығын әртараптандыруға, өндірістік әлеуетті арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып отыр.

Previous Post

Президент тапсырмасы: «Ауыл аманаты» ауыл кәсіпкерлеріне серпін беруде

Next Post

Президент тапсырмасы: Шардарада жүгеріні терең өңдейтін зауыт салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz