gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: «Ауыл аманаты» ауыл кәсіпкерлеріне серпін беруде

28 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: «Ауыл аманаты» ауыл кәсіпкерлеріне серпін беруде
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдеріне ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын. Президенттің айтуынша, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын жақсарту – мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі. Осыған сәйкес елімізде жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл халқы үшін табыс көзін қалыптастырып, кәсіпкерлікпен айналысуға кең мүмкіндік беріп отыр.

Бүгінде Түркістан облысында аталған бағдарлама аясында ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Соның бір мысалы ретінде Қазығұрт ауданының Рабат ауылында тұратын жеке кәсіпкер Насихат Шораеваның шаруашылығын айтуға болады.

Кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, кәсібін кеңейткен. Ол 8 миллион теңге көлеміндегі қаржыға 16 бас сауынды сиыр сатып алған. Қазіргі таңда оның 7 сауынды сиыры тұрақты түрде сүт беріп, өндірілген өнім жергілікті сауда орындарына жеткізілуде. Шаруаның айтуынша, қазіргі уақытта күніне шамамен 20 литр сүт өндіріліп, одан 3 келі құрт пен 3 келі сары май дайындалады. Табиғи әрі сапалы өнімдер ауыл тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие.

– Ауыл халқы үшін 2,5 пайызбен несие беру – үлкен қолдау. Бүгінде өндірген өніміміз ауыл ішінде толық өтеді. Күн сайын тұтынушыларымыз кезекке тұрып алады. «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдағы нақты табыс көзін қалыптастырып қана қоймай, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, еңбекке деген ынтасын күшейтуге және ауыл экономикасын дамытуға негіз болып отыр. Алдағы уақытта шаруашылығымды кеңейтіп, үлкен қора салып, сиыр фермасын ашуды жоспарлап отырмын, – дейді кәсіпкер.

Мамандардың айтуынша, мұндай жобалар ауыл тұрғындарының өз кәсібін бастауына және тұрақты табыс табуына мүмкіндік беруде. Сонымен қатар, шағын шаруашылықтардың дамуы өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де оң ықпал етуде.

Айта кетсек, 2026 жылға дейін Қазығұрт ауданында 131 жобаны қаржыландыруға 1 миллиард 204 миллион теңге бөлінген. Ал, Түркістан облысында 2023–2025 жылдары «Ауыл аманаты» бағдарламасына жалпы 30 миллиард 200 миллион теңге қаралып, 3 790 жоба жүзеге асырылған. Нәтижесінде 4 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Қорыта айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігін арттырып, шағын бизнестің дамуына жол ашып отыр. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл халқы өз кәсібін дөңгелетіп, табысын арттыруға нақты мүмкіндік алуда.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Келесте еуразиялық деңгейдегі ірі жылыжай кешені салынуда

Next Post

Президент тапсырмасы: Түлкібаста өндірістік кооперативтің жұмысы жанданып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz