gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Келесте «Жасыл болашақ» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

27 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Келесте «Жасыл болашақ» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастамаға айналды. Президент атап өткендей, тазалық тек бір күндік шара емес, ол әр азаматтың өмір салтына айналуы тиіс.

Осыған орай Келес ауданында «Жасыл болашақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырмасына сәйкес өткен іс-шара халықтың экологиялық мәдениетін арттыруды және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуды мақсат етті.

Ауқымды акцияға аудан тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары мен еріктілер белсенді түрде қатысты. Жалпы саны 15 мыңға жуық адам жұмылдырылған шараға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып, тазалық жұмыстарының басы-қасында болды.

Игі шара аудан орталығындағы Жеңіс саябағында басталып, аудан басшысы сәндік гүлдерді отырғызу жұмыстарына қатысты. Кейін Жәнібек Есенұлы Т.Рысқұлов көшесінің бойымен жаяу жүріп өтіп, әкімдік қызметкерлерімен бірге жол жиегіндегі қоқыстарды жинады. Бұл өз кезегінде тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын насихаттап, көпшілікке үлгі болды.

Жұмыс тобы аудандық емхана маңындағы гүлзар аумағында да сенбілік жұмыстарын жүргізіп, көгалдандыру және абаттандыру шараларына белсенді атсалысты. Сонымен қатар, акция аясында елді мекендер мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындарды ретке келтіруге ерекше көңіл бөлінді.

Бір күн ішінде аудан бойынша 10 мыңнан астам сәндік гүл егіліп, 1000-нан астам түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Ауқымды жұмыстарды сапалы әрі жедел атқару мақсатында 20 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде аумақтардан 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Мамандардың айтуынша, мұндай экологиялық акциялар ауданның көркеюіне ғана емес, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға да оң ықпал етеді. Әсіресе, жастардың белсенді қатысуы қоршаған ортаны қорғау мәдениетін нығайтуға мүмкіндік береді.

 

Previous Post

Президент тапсырмасы: Ордабасыда ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Next Post

Президент тапсырмасы: Түркістанда Еуропадағы ең ірі жылыжай кешендерінің бірі салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz