gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Ордабасыда ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

27 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Ордабасыда ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және инвестиция тарту мәселесіне айрықша назар аударып келеді. Президент тапсырмасына сәйкес бүгінде өңірлерде жаңа өндіріс орындарын ашу, заманауи технологияларды енгізу және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жақында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Ордабасы ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары бірқатар өндірістік нысандарды аралап, жобалардың іске асырылу деңгейін зерделеді. Атап айтқанда, Central Asia Aluminum Company жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алюминий профильдерін өндіру зауытының жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорын құрылыс саласына қажетті алюминий өнімдерін шығарып, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, HUATING BIOTECHNOLOGY Co., LTD компаниясының ірі қара мал сүйегін өңдеу жобасының құрылыс барысы қаралды. Бұл жоба қалдықсыз өндіріс қағидатына негізделіп, мал сүйектерінен түрлі биологиялық өнімдер өндіруді көздейді. Мамандардың айтуынша, мұндай өндіріс экологиялық тұрғыдан тиімді әрі сұранысқа ие өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, KAZ KIOTI ЖШС-ның ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру зауыты да таныстырылды. Кәсіпорында тракторлар құрастырылып қана қоймай, су үнемдеу технологиялары негізіндегі жаңбырлатып суару қондырғылары өндірілуде. Сонымен бірге жоғары қысымды температурада шыны өңдеу және ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласына қажетті өзге де өнімдер шығаратын цехтар жұмыс істейді.

Жұмыс сапары аясында Темірлан өндірістік паркіндегі құрылыс жұмыстарының барысы да қаралды. Қазіргі таңда өндірістік парк аумағында бірнеше инвестициялық жоба қатар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, ASIA ENERGY Co күн панельдеріне арналған бөлшектер өндіру жобасын қолға алған. Ал FAÇADE COMPANY шыны өнімдерін шығарса, ALMEN GROUP кір жуғыш ұнтақ өндірісін дамытып келеді. Сонымен қатар, Қарабатыр Агро металл бұйымдарын өндіру жобасын жүзеге асыруда.

Өндірістік парк аумағында бұдан өзге де бірқатар маңызды жобалар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, Югстройтехнология газобетон блоктары мен ішкі қабырға плиталарын өндірумен айналысса, Alem Euro PIR сендвич панельдер шығаруды қолға алған. Сондай-ақ Steel Frame металл конструкцияларын өндіру жобасын жүзеге асырып жатса, Bolashak-bal корпус жиһаздарын өндіру бағытында жұмыс жүргізуде.

Сонымен бірге ауданда кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Жол бойы сервистік қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық тамақтану орындары ашылуда. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер «Смайыл» тарапынан тамақтану орны, автосервис және тұрақ аймағы бар кешен салынуда. Бұдан бөлек, M Trade–19 ЖШС-ның жол бойы сервис нысаны мен жеке кәсіпкер Ә.Әлімбековтің мейрамханасы және «Темірші» демалыс аймағы жүзеге асырылуда.

Жұмыс сапары қорытындысында облыс әкімінің орынбасары аталған жобалардың өңір экономикасын дамытудағы маңызына тоқталып, олардың сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асырылуын бақылауда ұстауды тапсырды. Жалпы алғанда, Ордабасы ауданында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндіріс көлемін арттыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға зор мүмкіндік беріп отыр.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда жаңа өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар көбейіп жатыр

Next Post

Таза Қазақстан: Келесте «Жасыл болашақ» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz