gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Шардарадағы экологиялық акцияға 6 мыңнан астам тұрғын қатысты

25 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Шардарадағы экологиялық акцияға 6 мыңнан астам тұрғын қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы еліміздің барлық өңірінде кең қолдау тауып келеді. Аталған бастама қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды жобаға айналды.

Жақында Шардара ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, экологиялық акция жоғары деңгейде өтті. Игі шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, даңқты спортшылар, түрлі мекеме ұжымдары және аудан тұрғындары белсенді түрде қатысты.

Атап айтқанда, сенбілікке Қазтелеком, Қазпошта, аудандық аурухана, ГЭС, СЭС, РЭС, ПЭС, ҚазТрансГаз және Халық банк ұжымдары жұмылдырылды. Сонымен қатар ауданға қарасты 10 ауылдық округтен жалпы саны 6 мыңнан астам тұрғын акцияға белсене атсалысты.

Сенбілік барысында аудан аумағында кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, 1000 түп ағаш көшеті отырғызылып, облыстық маңызы бар 147 шақырым тас жол бойы тазартылды. Бұдан бөлек, қала мен ауыл ішіндегі көшелерде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар шығарылды.

Ауқымды шараны сапалы әрі жедел ұйымдастыру мақсатында 23 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып, ауданның көркі айтарлықтай жақсарды.

Мамандардың айтуынша, мұндай экологиялық шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға да ықпал етеді. Сонымен қатар, көпшіліктің ортақ іске жұмылуы қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті нығайта түседі.

Previous Post

Таза Қазақстан: Қазығұртта «Жасыл болашақ» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

Next Post

Президент тапсырмасы: Созақта 76 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz