gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Созақта 76 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде

26 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Созақта 76 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы халықтың өмір сүру сапасын арттыруда инфрақұрылым мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Президент елді мекендерді сапалы ауыз сумен, табиғи газбен, электр қуатымен қамтамасыз ету және тұрғын үй құрылысын дамыту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырған болатын. Осы орайда Созақ ауданында соңғы жылдары инфрақұрылым саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді.

Бұл туралы Созақ ауданының әкімі  Мұхит Тұрысбеков айтты. Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде Созақ ауданына қарасты елді мекендер толықтай, яғни 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

Сонымен қатар, өткен жылы аудан аумағында магистральды газ құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, биыл Созақ өңіріне алғаш рет табиғи газ жеткізілді. Нәтижесінде аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы 4 600 абонент көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға да мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі таңда Созақ және Құмкент ауылдарына газ құбырын тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Ал Жартытөбе, Бабата және Аққолтық елді мекендерін табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Аудан әкімінің сөзінше, алдағы уақытта көгілдір отынмен қамтылған елді мекендер саны кезең-кезеңімен арта бермек.

Бұдан бөлек, ауданға қарасты барлық елді мекендер 100 пайыз электр энергиясымен қамтылған. Бұл бағытта да жүйелі жұмыстар атқарылып, электр желілерін жаңғырту мен сапалы қызмет көрсету мәселесіне басымдық беріліп отыр.

Өткен жылы Созақ ауданында құрылыс саласында да қарқынды жұмыстар жүргізілген. Атап айтқанда, 2023 жылы басталған Шолаққорған ауылындағы заманауи спорт кешенінің құрылысы 2025 жылдың қазан айында толық аяқталып, пайдалануға берілген. Сонымен қатар ірі кітапхана құрылысы аяқталып, биыл тұрғындар игілігіне тапсырылды.

Әкімшілік ғимараттар құрылысы да назардан тыс қалған жоқ. Созақ және Тасты ауылдық округтерінде әкім аппараты ғимараттарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Ал Шолаққорған ауылындағы «Достар» стадионы қайта жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай жөндеуден өткен.

Ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар ауылдарда жаңа спорт нысандары салынды. Атап айтқанда, Жуантөбе, Тасты, Шу, Сызған, Құмкент және Жартытөбе ауылдарында жабық футбол алаңшаларының құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бұл ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Өңірдегі тұрғын үй мәселесін шешу бағытында да нақты жобалар жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы Жеткіншек мөлтек ауданында екі қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталса, Шолаққорған ауылында да екі қабатты 16 пәтерлі баспана пайдалануға беріліп, жаңа қоныс иелеріне табысталған.

Қазіргі таңда аудан аумағында жалпы саны 76 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімінің айтуынша, алдағы уақытта да халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарды сапалы қызметпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Previous Post

Таза Қазақстан: Шардарадағы экологиялық акцияға 6 мыңнан астам тұрғын қатысты

Next Post

Президент тапсырмасы: Түркістан облысында 810 пәтерлі 8 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz