gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Түркістан облысында 810 пәтерлі 8 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі

26 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Түркістан облысында 810 пәтерлі 8 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде халықты баспанамен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және өңірлердегі құрылыс қарқынын күшейту мәселесіне айрықша назар аударылып келеді. Президент тұрғын үй құрылысы, білім мен медицина нысандарын көбейту арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруды негізгі міндеттердің бірі ретінде атап өткен болатын. Осы бағытта Түркістан облысында да ауқымды құрылыс жобалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Абай Тұрхановтың мәлімдеуінше, өңір тұрғындарын баспанамен қамту жұмыстары биыл да жалғасын табады. Жоспарға сәйкес, 2026 жылы 810 пәтерлі 8 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Қазіргі таңда бұл жобаларға қажетті қаржы бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.

Басқарма басшысының мәліметінше, өткен жылы құрылыс басқармасы тарапынан жалпы 183 нысанның құрылысына бюджеттен 118,2 млрд теңге бөлініп, қаржы толық игерілген. Соның нәтижесінде 106 нысан пайдалануға берілсе, қалған 77 нысанның құрылысы 2026-2027 жылдары аяқталады деп жоспарланған. Ал, биыл облыс көлемінде салынуы тиіс 89 нысанның құрылысына 55,9 млрд теңге қаралған.

Білім беру саласында да ауқымды жұмыстар атқарылған. Өткен жылы өңірде 4 білім нысаны пайдалануға берілсе, «Келешек мектептері» жобасы аясында 9 900 оқушыға арналған 16 мектеп ашылған. Бұл өз кезегінде үш ауысымды мектеп мәселесін азайтып, оқушыларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Денсаулық сақтау саласында да маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Жетісай ауданындағы Бәйтерек елді мекенінде 25 орынға арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Түркістан қаласында жеке инвесторлар есебінен заманауи оңалту орталығы ашылып, халық игілігіне тапсырылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш және Ордабасы аудандарында екі бірдей перинаталдық орталықтың құрылысы басталды. Бұл ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы маңызды жобалардың бірі болып саналады.

Әкімшілік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жалғасуда. Өткен жылы екі әкімшілік ғимараттың құрылысы аяқталса, биыл Сауран ауданы әкімдігінің акт залын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Мәдениет саласында да бірқатар нысандар ел игілігіне берілген. Былтыр 6 мәдениет нысанының құрылысы аяқталса, биыл тағы 13 нысанды пайдалануға беру көзделуде. Ал, спорт саласында өткен жылы 18 нысан пайдалануға тапсырылған. Биыл өңірде тағы 9 спорт нысанының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Жалпы, Түркістан облысында құрылыс саласында жүргізіліп жатқан жобалар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, өңірдің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға бағытталған.

 

Previous Post

Президент тапсырмасы: Созақта 76 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда жаңа өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар көбейіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz