Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығына инвестиция тарту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Президент тапсырмасына сәйкес өңірлерде мал шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу өндірісін жолға қою бағытында нақты жобалар жүзеге асырылуда. Айталық, Кентау қаласы аумағындағы Қарнақ ауылында «Kaz Real Meat» шаруақожалығы заманауи технологиялар негізінде ірі инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
Аталған жоба 2025–2027 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде, 2025 жылы 1500 бас ірі қара бордақыланатын болады. Кейінгі жылдары жоба толық қуатына жеткізіліп, 2026–2027 жылдары 5 мың басқа дейін ірі қара бордақылау көзделіп отыр.
Жоба аясында заманауи бордақылау алаңы мен мал сою цехы салынып, ет өнімдерін өңдеудің толық циклін қалыптастыру жоспарланған. Бұл өз кезегінде өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге мүмкіндік беріп, қосымша құнды арттырады.
Сала мамандарының айтуынша, мұндай өндірістердің іске қосылуы жергілікті жерде жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың тұрақты табысын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар ет өнімдерінің ішкі нарықтағы ұсынысын көбейтіп, баға тұрақтылығына да оң әсер етеді.



