gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келесте «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті

25 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жобасы аясында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Осыған орай Келес ауданында да ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, оған аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысты. Тазалық шарасы аудан орталығынан бастап барлық ауылдық округтерді қамтып, бір мезетте жүргізілді.

Аудан басшысы сенбілік жұмыстарын Абай ауылындағы «Б.Ермеков» саябағынан бастады. Мұнда ол Ауған соғысы ардагерлеріне арналған аллеяны әктеу және сырлау жұмыстарына қатысып, қоғамдық кеңістікті абаттандыру ісіне үлес қосты. Кейін ол «Жеңіс» саябағында жалғасқан тазалық жұмыстарына қатысып, тұрғындармен бірге аумақты ретке келтіруге атсалысты.

Жалпы сенбілікке 2800-ге жуық адам жұмылдырылды. Олардың қатарында аудандық бөлім қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары, кәсіпкерлер және жергілікті тұрғындар бар. Ұйымшылдықпен өткен шара барысында 70-тен астам ішкі көше тазаланып, 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Тазалық акциясы тек аудан орталығында ғана емес, барлық ауылдық елді мекендерде қатар ұйымдастырылып, әрбір ауыл өз аумағын ретке келтіру және көркейту жұмыстарын жүргізді. Бұл бастама тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және туған жерге деген жауапкершілік сезімін күшейтуге бағытталды.

Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев өз сөзінде тазалық әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар, ол тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға және елді мекендердің көркеюіне белсенді қатысуға шақырды.

 

Previous Post

Президент тапсырмасы: Қарнақта ірі мал шаруашылығы жобасы іске асырылмақ

Next Post

Таза Қазақстан: Созақта «Жасыл болашақ» акциясы қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz