Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі инфрақұрылым сапасын арттыру, әсіресе жол-көлік желісін дамыту мәселесіне үнемі басымдық беріп келеді. Президент өз Жолдауларында сапалы жол халықтың тұрмыс сапасын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі екенін атап өткен болатын. Осыған сәйкес өңірлерде жол жөндеу және жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Айталық, Жетісайда аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес соңғы жылдары елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеу және асфальттау жұмыстары кең көлемде атқарылып келеді.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан бірінші кезекте жөнделуі тиіс жолдардың құжаттары әзірленіп, ішкі көшелерге төселіп жатқан асфальт сапасы қатаң бақылауға алынған. Сонымен қатар, төселген материалдардың құрамы, қалыңдығы, енінің сәйкестігі және нығыздалу коэффициенті тұрақты түрде тексерілуде.
Жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының барысын зерделеу мақсатында аудан басшысы Жетісай қаласыдағы бірқатар көшелерді аралап көрді. Айта кетейік, бүгінде қаладағы жалпы ұзындығы 5,7 шақырымды құрайтын Қ.Омаршаев көшесі, А.Қалыбеков көшесі және С.Жәштаев көшесінде 2025–2026 жылдарға өтпелі орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба мамыр айының соңына дейін толық аяқталуы жоспарланған.
Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 4,9 шақырымды құрайтын М.Жұмабаев көшесі, Ш.Айманов көшесі, Рудаки көшесі, Д.Нұрпеисова көшесі, Ш.Уәлиханов көшесі, Ақан сері көшесі, Ә.Қашаубаев тұйығы және Қостөбе көшесі бойынша орташа жөндеу жұмыстары басталатын болады. Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын Ш.Құдайбердиев көшесі, С.Сейфуллин көшесі, Оспанов көшесі, Малдыбеков көшесі және Сүгір көшесінде де жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы қарастырылған.
Зерделеу барысында аудан әкімі жауапты сала басшылары мен қала әкімдігіне жұмыстардың сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, мердігер мекемелерге құрылыс кестесінен кешікпей, барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтау міндеті жүктелді.



