gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Сарыағашта ауылдық медицина нысандарының құрылысы жүргізілуде

6 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Сарыағашта ауылдық медицина нысандарының құрылысы жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау жүйесін дамыту, әсіресе ауыл тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету ел дамуының басты басымдықтарының бірі екенін үнемі атап келеді. Президент тапсырмасына сәйкес өңірлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейту, ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Қазіргі таңда Сарыағаш ауданында ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған бірқатар медициналық нысандардың құрылысы қарқын алды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дархан, Бостандық, Ақжар және Дихан баба елді мекендерінде салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен арнайы танысты.

Нысандарды аралау барысында аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтіп, мердігер мекемелер мен ауылдық округ әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Оның айтуынша, ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы ең алдымен инфрақұрылымның сапалы салынуына тікелей байланысты.

– Бүгінде аудан аумағында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған медициналық нысандардың құрылысы басты назарда. Сондықтан ауылдық округ әкімдері мен мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстарды сапалы жүргізуді, сондай-ақ қолданылатын құрал-жабдықтардың сапасына ерекше мән беруді тапсырамын, – деді аудан әкімі.

Қазіргі таңда Көктерек ауылдық округіне қарасты Дархан елді мекенінде медициналық нысанның іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. Ал Жартытөбе ауылдық округіндегі Бостандық елді мекенінде және Ақжар ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы жалғасып, кірпіш қалау жұмыстары қарқын алған.

Сонымен қатар, Жібек жолы ауылдық округіндегі Дихан баба елді мекенінде де медициналық нысанның жер жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беру жоспарлануда.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Түлкібаста балық шаруашылығы қарқын алып келеді

Next Post

Президент тапсырмасы: Түлкібаста өндірістік аймақтарды дамытуға басымдық берілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz