gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Төлебиде «Мұхит Әлі» спорт кешені пайдалануға берілді

11 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Төлебиде «Мұхит Әлі» спорт кешені пайдалануға берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның дамуы ең алдымен рухани құндылықтар мен салауатты өмір салтының үйлесіміне байланысты екенін үнемі атап келеді. Президент айқындаған міндеттердің бірі – бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу және елге еңбегі сіңген тұлғалардың есімін ұлықтау.

Осы мақсатта Төлеби ауданы Аққұм ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Мұхит Оралбайұлы Әлінің құрметіне демеуші есебінен салынған жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа нысан «Мұхит Әлі» спорт кешені деп аталды.

Спорт кешені Мұхит Оралбайұлы Әлінің ғибратты ғұмырын насихаттау, оның ел дамуына қосқан сүбелі үлесін жас ұрпаққа үлгі ету, сондай-ақ ауыл жастарын салауатты өмір салтына баулу мақсатында бой көтерген. Жобаның жүзеге асуына демеуші Төре Құрбанов қолдау көрсеткен.

Мұхит Оралбайұлы Әлі – Түркістан қаласы мен Төлеби, Сайрам аудандарында басшылық қызметтер атқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері ретінде ел жадында сақталған.

Салтанатты іс-шараға мемлекет қайраткері Нартай Дүтбаев, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, жазушы-драматург Роза Мұқанова, сондай-ақ Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Шойбекова және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиын барысында қатысушылар Мұхит Әлінің өмір жолы мен елге сіңірген еңбегін еске алып, оның өнегелі тұлғасын жастарға үлгі етудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ел ағалары Жеңісбек Тұрғанов пен Созақбай Әбдіқұлов ақ батасын беріп, игі тілектерін жеткізді. Белгілі ақын Біржан Байтуов арнайы арнау өлең оқып, ауыл жастары арасынан болашақ чемпиондардың көптеп шығуына тілектестік білдірді. Іс-шара соңында Мұхит Оралбайұлы Әлінің рухына құран бағышталып, ас берілді.

Жаңа спорт кешені ауыл тұрғындары мен жастардың бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік беріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ауылдың спорттық әлеуетін арттыруға зор серпін бермек.

 

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда жол жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Түлкібаста ауызсу сапасын арттыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz