gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Отырарлық кәсіпкер ұлттық талқан өнімін халықаралық жәрмеңкеде таныстырды

17 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Отырарлық кәсіпкер ұлттық талқан өнімін халықаралық жәрмеңкеде таныстырды
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріптеудің маңызын жиі атап өтеді. Оның айтуынша, ұлттық тағамдар мен дәстүрлі өнімдерді жаңғырту тек мәдени мұраны сақтауға ғана емес, ел экономикасының дамуына да оң әсер етеді.

Жақында Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан қаласында өтіп жатқан халықаралық іс-шара аясында ұлттық өнер мен мәдениетті ұлықтаған ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды. Көрмеге Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушылары да белсенді қатысты.

Солардың бірі ретінде Жасұлан Мұратбаевты ерекше атап өтуге болады. Отырарлық кәсіпкер жәрмеңкеде қазақтың ұлттық тағамдарының бірі талқан өнімін көпшілік назарына ұсынды. Табиғи әрі пайдалы өнім көрме қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырып, ұлттық тағамға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті.

Кәсіпкердің айтуынша, талқан – ежелден қазақ дастарқанында ерекше орын алған құнарлы тағамдардың бірі. Құрамындағы табиғи дәрумендер мен адам ағзасына пайдалы қасиеттері оны қазіргі таңда дұрыс тамақтануға мән беретін тұтынушылар арасында кеңінен танымал етіп отыр. Өнімді дайындауда табиғилық пен сапаға басымдық берілетінін айтқан кәсіпкер ұлттық тағамды заман талабына сай жаңғыртып, нарыққа ұсынуға күш салып келеді.

Жасұлан Мұратбаев – бүгінде ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жергілікті өнімдерді насихаттауға өзіндік үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің бірі. Оның өнімдері тек өңірдің ғана емес, қазақтың дәстүрлі тағам мәдениетінің ерекшелігін танытуға мүмкіндік беруде.

Шара барысында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өкілдері кәсіпкерлердің өнімдерімен танысып, «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жергілікті кәсіптің дамуына тың серпін беріп отырғанын атап өтті. Бүгінде палата тарапынан кәсіпкерлерге өнімді брендтеу, нарыққа шығару және жарнамалық қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Жетісайдың қауындары Ресей нарығына жол тартты

Next Post

Президент көне Түркістанды дамытуға айрықша мән беруді тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz