gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент көне Түркістанды дамытуға айрықша мән беруді тапсырды

17 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент көне Түркістанды дамытуға айрықша мән беруді тапсырды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті түркі әлемінің рухани астанасы саналатын көне шаһардың халықаралық деңгейдегі беделін тағы бір мәрте айқындағанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл маңызды жиын Түркістанның мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың әлеуетті орталығы ретіндегі мүмкіндігін танытып, өңірдің инфрақұрылымдық және ұйымдастырушылық әлеуетін жоғары деңгейде көрсетті.

15 мамыр күні өткен саммиттің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы арнайы жиналыс өткізіп, халықаралық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровке және өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді.

Президент атап өткендей, шет мемлекеттердің басшылары мен саммитке қатысушылар Түркістандағы көлік жолдарының сапасына, жасыл желекке көмкерілген көшелер мен саябақтардың тазалығына ерекше оң баға берген. Бұл – өңірде жүргізіліп жатқан жүйелі абаттандыру мен инфрақұрылымды дамыту жұмыстарының нақты нәтижесі.

Мемлекет басшысы облыс және қала әкімдігіне көне Түркістанды тек Қазақстанның ғана емес, тұтас түркі дүниесінің жауһары ретінде дамытуға айрықша мән беруді тапсырды. Сонымен қатар шаһардың тарихи келбетін сақтай отырып, оның туристік, мәдени және рухани әлеуетін арттыру міндетін жүктеді.

Жиын барысында Президент ел абыройын асқақтатқан маңызды шараны ұйымдастыруға үлес қосқан әкімдік қызметкерлерін, мемлекеттік мекемелер мамандарын, әскери және құқық қорғау органдарының өкілдерін, коммуналдық сала жұмысшыларын, еріктілер мен белсенді азаматтарды мемлекеттік наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Отырарлық кәсіпкер ұлттық талқан өнімін халықаралық жәрмеңкеде таныстырды

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Түркістанда инвестициялық жобалар мен әріптестік мәселелері талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz