gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Түркістанда мәдениет қызметкерлері тазалық акциясын өткізді

20 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Түркістанда мәдениет қызметкерлері тазалық акциясын өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жердің тазалығын сақтау және қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Осы игі бастама аясында Түркістанда мәдениет қызметкерлері тағылымды тазалық акциясын өткізді.

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылған шараны Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры бірлесіп қолға алды.

Игі шара барысында қазақ театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, ҚР Халық артисі Райымбек Сейтметовтің есімі берілген көшеде тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға театр ұжымы, университеттің «Өнер, медиа және дизайн» факультетінің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын насихаттады.

Бұл бастама тек сенбілік шарасымен шектелмей, мәдениет қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін, туған жерге деген жанашырлығын айқындай түсті. Сонымен қатар, ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген тұлғаға деген құрметтің жарқын үлгісіне айналды.

Ұйымдастырушылар тұрғындарды киелі Түркістанның тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған өлкенің көркеюіне бірлесе үлес қосуға шақырды.

Previous Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Түркістан облысы тұрғындарының өтініштері мен шағымдары тыңдалды

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысы жаңа зауыттармен толығады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz